Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 128-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 141-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 04.10.2017 № 141-ө өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі –Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісім бойынша):

      1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жартыжылдық қорытындылары бойынша 5 шілдеден және 5 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жыл сайын, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 128-ө өкімімен
бекітілген

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ (іске асыру мерзімі 2015 – 2020 ж.ж.)

Р/с №

Тапсырманың мазмұны

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржы көздері

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар

1.

Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында өңірлік коммуникациялар қызметтерін құруды аяқтау

жұмыс істеп тұрған өңірлік коммуникациялар қызметтері

ОКҚ (келісім бойынша), Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері

2016 жылғы 15 қаңтарға дейін, ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 25 қаңтарға қарай

жергілікті бюджет қаражаты есебінен

2.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өңірлік коммуникациялар қызметтерінің жұмысына жетекшілік ететін орынбасарлары үшін олардың жұмысын ұйымдастыру бойынша оқыту тренингтерін өткізу

тренингтер

ОКҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

ПӘ-ге есеп – 2015 жылғы 15 желтоқсанға қарай

жергілікті бюджет қаражаты есебінен

3.

Кейіннен жұмыста пайдалану үшін мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерінің жұмысын жаңғырту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және оларды таратуды қамтамасыз ету

әдістемелік ұсынымдар, ақпараттық-анықтамалық материалдар

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ

ПӘ-ге есеп – 2015 жылғы 15 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

4.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерінің жұмысын, оның ішінде Бес институционалдық реформаны ақпараттық жылжыту бойынша тұрақты негізде әдістемелік қолдауды ұйымдастыру

есеп

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ

2016 жылғы 10 қаңтардан бастап тұрақты негізде, ПӘ-ге есеп – 2020 жылдың соңына дейін жарты жылда бір рет

талап етілмейді

5.

ОКҚ электронды бюллетенін жасау мәселесін пысықтау

есеп

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 5 наурызға қарай

талап етілмейді

6.

Ивестициялар және даму министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерін тарта отырып, ОКҚ негізінде Жаңалықтар қызметін құру

жұмыс істейтін жаңалықтар қызметі

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ

ПӘ-ге есеп – 2015 жылғы 15 желтоқсанға қарай

талап етілмейді

7.

ОКҚ Жаңалықтар қызметінің ақпараттық жұмысын қамтамасыз ету

есеп

ОКҚ (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, Әділетмині, АШМ, БҒМ, Қаржымині, ИДМ, ДСӘДМ, МСМ, ЭМ, ҰЭМ, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша)

2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап тұрақты негізде, ПӘ-ге есеп – 2020 жылдың соңына дейін жарты жылда бір рет

талап етілмейді

8.

ОКҚ негізінде интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын құру

бірыңғай үйлестіру орталығы

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

9.

Республикалық БАҚ-та (пилоттық режимде – телеарна, газет) жұмыс істеу үшін жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту бойынша ұсыныстар енгізу

әлеуетті менеджерлер тізімі

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге ақпарат – 2016 жылғы 15 қаңтарға қарай

талап етілмейді

10.

"Білім және Мәдениет" телеарнасының атауын "DalaTV" деп қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу, оның жаңа тұжырымдамасын әзірлеу

телеарнаның тұжырымдамасы

ИДМ

ПӘ-ге ақпарат – 2016 жылғы 15 қаңтарға қарай

талап етілмейді

11.

"Қазмедиаорталығы" БК" ЖШС негізінде заманауи іздеу навигаторы бар бейне- және дыбыс материалдарының жазбалар қорын (Алтын медиақор) құру мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ИДМ, "Қазмедиаорталығы" БК" ЖШС (келісім бойынша), "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша), "Қазконтент" АҚ(келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 15 желтоқсанға қарай

талап етілмейді

12.

Интернет-БАҚ арасында үздік интернет-контент үшін жыл сайынғы сыйлықты белгілеу, жыл соңында қорытындысын шығару және марапаттау

үздік контент үшін сыйлық

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2016 жылғы 20 қаңтарға дейін сыйлық белгілеу, жыл сайын өткізу, ПӘ-ге есеп –2016 жылғы 25 қаңтарға қарай

087 бюджеттік бағдарлама сының 101 кіші бағдарлама сы аясында көзделген қаражат шегінде 2016 жылы – 8589 мың теңге, 2017 жылы – 9276 мың теңге, 2018 жылы – 9918 мың теңге

13.

Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен ұлттық компаниялардың арасында "Жылдың үздік баспасөз қызметі" атты жыл сайынғы конкурсын белгілеу, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай қорытындысын шығару және марапаттау

конкурс

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы 20 қаңтарға дейін конкурс белгілеу, жыл сайын өткізу, ПӘ-ге есеп – жыл сайын 5 шілдеге қарай

087 бюджеттік бағдарлама сының 101 кіші бағдарлама сы аясында көзделген қаражат шегінде 2016 жылы– 8589 мың теңге, 2017 жылы – 9276 мың теңге, 2018 жылы – 9918 мың теңге

14.

Медиасалада старт-ап конкурстарды ұйымдастыру

конкурстар

ИДМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша), "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша), "Егемен Қазақстан" АҚ (келісім бойынша), "РГ "Казахстанская правда" АҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы қаңтардан бастап жартыжылда бір рет, ПӘ-ге есеп – 2020 жылдың соңына дейін жыл сайын 5 шілдеге және 15 желтоқсанға қарай

мемлекеттік БАҚ-тың меншікті қаражаты есебінен

15.

Медиаконтент өндірісіне танымал тұлғаларды (отандық және шетелдік) тарту жұмысын жалғастыру

есеп

ИДМ, "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша)

2016-2020 жылдар бойы, ПӘ-ге есеп – 2020 жылдың соңына дейін жыл сайын 5 шілдеге және 15 желтоқсанға қарай

талап етілмейді

16.

Ақпараттық-жаңалықтар контентіне ерекше көңіл аудара отырып, республикалық радиоарналардың хабар тарату торын жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізу

ұсыныстар

ИДМ, "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге ақпарат – 2015 жылғы 15 желтоқсанға қарай

талап етілмейді

17.

Конвергентті журналистиканы дамыту бойынша арнайы жоспар дайындау

жұмыс жоспары

ИДМ, БҒМ

ПӘ-ге ақпарат – 2016 жылғы 25 қаңтарға қарай

талап етілмейді

Медиасаланың кадрлық әлеуетін арттыру

18.

"Хабар" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Қазконтент" АҚ журналистеріне KPI жеке көрсеткіштерін енгізу

есеп

ИДМ, "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК АҚ (келісім бойынша), "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 30 шілдеге қарай

талап етілмейді

19.

Қазақстандық БАҚ қызметкерлерінің шетелдік медиакорпорацияларда, сондай-ақ "Болашақ" білім беру бағдарламасы аясында шет елдердің ірі жоғарғы оқу орындарының журналистика факультеттеріндегі тағылымдамасының 2016 – 2020 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу

тағылымдама жоспары

ИДМ, БҒМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша), "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша), "Егемен Қазақстан" АҚ" (келісім бойынша), "РГ "Казахстанская правда" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылдан бастап жыл сайын 10 ақпанға қарай

талап етілмейді

20.

Елдің ЖОО журналистика факультеттерінің бітіруші курс студенттерінің жетекші отандық БАҚ-та ұзақ мерзімді практикадан және тағылымдамадан өтуінің 2016 – 2020 жылдаға арналған кестесін бекіту

кесте

ИДМ, БҒМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша), "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша), "Егемен Қазақстан" АҚ (келісім бойынша), "РГ "Казахстанская правда" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылдан бастап жыл сайын 10 қыркүйекке қарай

талап етілмейді

21.

Қазақстанның медиа қоғамдастығы өкілдерінің 2016 – 2020 жылдар ішінде халықаралық көрмелерге, форумдарға, конференциялар мен сыйлықтарға қатысуын қамтамасыз ету

есеп

ИДМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша), "Хабар" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша), "Егемен Қазақстан" АҚ (келісім бойынша), "РГ "Казахстанская правда" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылдан бастап жыл сайын 10 ақпанға қарай

мемлекет тік БАҚ-тың меншікті қаражаты есебінен

22.

Медиасала дамуының заманауи трендтерін ескере отырып, "Журналистика" мамандығы шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу

білім беру бағдарламалары

БҒМ, ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы 15 шілдеге дейін әзірлеу 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізу, ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 12 қыркүйекке дейін

талап етілмейді

Интернеттегі жұмыс

23.

Отандық БАҚ-тың интернет-ресурстарын жаңғыртудың 2016 – 2017 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу және бекіту

жоспар

ИДМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 25 қаңтарға дейін

талап етілмейді

24.

Отандық интернет-БАҚ үшін мобильдік нұсқалар мен қосымшаларды әзірлеу

интернет-БАҚ-тың мобильдік нұсқалары мен қосымшалары

ИДМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы 10 наурыздан бастап, ПӘ-ге есеп – 2020 жылдың соңына дейін жарты жылда бір рет

087 бюджеттік бағдарлама сы аясында көзделген қаражат шегінде 2017 жылы – 40880375 мың теңге, 2018 жылы – 40378557 мың теңге

25.

Ақпараттық интернет-телеарна құру

интернет-телеарна

ИДМ, "Қазконтент" АҚ (келісім бойынша), ОКҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2017 жылдғы 25 шілдеге дейін

"Қазкон тент" АҚ меншікті қаражаты есебінен

26.

Жетекші республикалық баспа БАҚ-тың интернет-нұсқаларының жұмысына азаматтық журналистика өкілдерін тарту

есеп

ИДМ, "Егемен Қазақстан" АҚ (келісім бойынша), "РГ "Казахстанская правда" АҚ (келісім бойынша)

2016 – 2020 жылдар бойы, ПӘ-ге есеп – жыл сайын 25 шілдеге қарай

талап етілмейді

27.

"Интернет-хабар тарату" жобасы аясында отандық телеарналардың тізбесін кеңейту

есеп

ИДМ, "Қазтелерадио" АҚ (келісім бойынша)

2016 – 2020 жылдар бойы, ПӘ-ге есеп – жыл сайын 25 шілдеге қарай

"Қазтелера дио" АҚ меншікті қаражаты есебінен

Өндірістік-техникалық жаңғырту

28.

"Қазмедиаорталығы" БК" ЖШС материалдық-техникалық базасын жаңғырту жоспарын дайындау және бекіту

жоспар

ИДМ, ҰЭМ

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 25 шілдеге қарай

талап етілмейді

29.

Қолданыстағы және жаңа радиотелетаратушы станцияларда радиоарналардың бағдарламаларының жаңа радиохабар таратушы құралдарын орнатуды қамтамасыз ету

есеп

ИДМ, "Қазтелерадио" АҚ (келісім бойынша)

2016 – 2020 жылдар бойы, ПӘ-ге есеп – жыл сайын 25 шілдеге қарай

039 бюджеттік бағдарлама аясында көзделген қаражат шегінде 2016 жылы – 9297072 мың теңге, 2017 жылы – 10 074 731 мың теңге, 2018 жылы – 6318963 мың теңге

30.

Медиаөлшемдердің қолданыстағы жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу

жоспар

ИДМ, "Қазтелерадио" АҚ (келісім бойынша)

ПӘ-ге есеп – 2016 жылғы 20 желтоқсанға қарай

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Қазақстан" РТРК" АҚ

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы

"Хабар" АҚ

"Хабар" акционерлік қоғамы

"Қазконтент" АҚ

"Қазконтент" акционерлік қоғамы

"Қазтелерадио" АҚ

"Қазтелерадио" акционерлік қоғамы

"Егемен Қазақстан" АҚ

"Егемен Қазақстан" акционерлік қоғамы

"РГ "Казахстанская правда" АҚ

"Республиканская газета "Казахстанская правда" акционерлік қоғамы

ПӘ

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ЖС

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

БП

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

МҚІСҚА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

ІІМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

ДСӘДМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

МСМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Әділетмині

Қазақстан республикасы Әділет министрлігі

ОКҚ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

"Қазмедиаорталығы" БК" ЖШС

"Қазмедиаорталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖОО

жоғары оқу орны

KPI

Key performance indicator (негізгі тиімділік көрсеткіші)





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады