Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 04.06.2019 № 100-ө өкімімен.
1. Инвесторларды тарту мәселелері жөнінде үкіметтік кеңес (инвестициялық штаб) (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 8-ө өкімімен бекітілген |
Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңестің (инвестициялық штаб) құрамы
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардан:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің торағасы;
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Халықаралық консультанттардан:
"Boston Consulting Group" (BCG) компаниясының басқарушы әріптесі (келісім бойынша);
"McKinsey & Company" компаниясының басқарушы әріптесі (келісім бойынша);
"White & Case LLP" компаниясының атқарушы әріптесі (келісім бойынша);
"Norton Rose Fulbright" компаниясының атқарушы әріптесі (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 8-ө өкімімен бекітілген |
Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңес (инвестициялық штаб) туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Инвесторларды тарту жөніндегі үкіметтік кеңес (инвестициялық штаб) (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
5. Кеңес қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатының шеңберінде ықтимал инвесторлармен жұмысты жандандыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
6. Кеңестің міндеті Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатының шеңберінде инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.