Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 12-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік орнықтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016 - 2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспарда көзделген өзге де ұйымдар Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау бойынша шаралар қолдансын және Жоспарда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жылына екі рет, 30 қаңтар мен 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 22 ақпандағы
№ 12-ө өкімімен
бекітілген

Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастырушылық және әдістемелік іс-шаралар

1.

Облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдері қатарынан ведомствоаралық көшпелі жұмыс тобын құру

2016 жылғы ақпан

Қаржымині, ЖС (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

Қаржыминінің бұйрығы

2.

"Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

сот практикасының қорытылуына қарай

ЖС (келісім бойынша)

ЖС нормативтік қаулысы

3.

Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында "100 сұрақ - 100 жауап" атты өзекті бөлім құру

2016 жылғы наурыз

Қаржымині

интернет-ресурстағы бөлім

4.

"Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін іске асыру кезіндегі проблемалық мәселелер" атты дөңгелек үстел ұйымдастыру

2016 жылғы шілде

Қаржымині, ЖС (келісім бойьшша), ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

деңгелек үстел хаттамасы

2. Түсіндіру жұмысы және ақпараттық сүйемелдеу

5.

Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы ақпаратты тарату үшін ақпараттық ресурстарды кеңінен пайдалану

2016 жылғы мамыр

Қаржымині

талдамалық анықтама

6.

Оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушылары үшін барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында көшпелі семинарлар еткізу

2016 жыл бойы

Қаржымині, ЖС (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талдамалық анықтама

7.

Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану жөнінде оңалту және банкроттық рәсімінің қатысушыларына практикалық көмек көрсету

үнемі

Қаржымині

талдамалық анықтама

3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының іске асырылуын мониторингтеу

8.

Хабардар болу деңгейін анықтау шеңберінде Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы қайтадан қабылданған заңнамасының нормалары бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушылары арасында сауал жүргізу

2016 жылғы қыркүйек

Қаржымині

талдамалық анықтама

9.

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын қолдану практикасына талдау жүргізу

2016 жылғы маусым

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

талдамалық анықтама

10.

Оңалтудың және банкроттықтың, сондай-ақ төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа тетіктерін ықтимал борышкерлерге қолдану бойынша талдау жүргізу

2016 жылғы қазан

Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

талдамалық анықтама

11.

Борышкерлер - бизнес субъектілері санаттары бойынша дебиторлық берешек бойынша мәліметтер негізінде талдау жүргізу

жыл сайын, 15 шілдеден және 15 қаңтардан кешіктірмей

Қаржымині, ҰЭМ

талдамалық анықтама

12.

Оңалту және банкроттықтың тетіктері туралы бизнестің хабардар болуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кәсіпорындардың берешек деңгейін азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында өңірлік ведомствоаралық комиссиялар құру

2016 жылғы ақпан

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

комиссия құру туралы бұйрық

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ҰКП - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады