Көмір өнеркәсібіндегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, жетекші
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің басқарма басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің мамандандырылған басқарма басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тау кен-металлургия өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті отын-энергетикалық кешені саласындағы тексеру басқармасының бас сарапшысы
"Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасының стратегия және даму жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
"Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша)
"Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
"Богатырь Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)
"Богатырь Көмір" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Электроэнергетика" дирекциясы директоры (келісім бойынша)
"Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
"РУСАЛ" компаниялар бірлестігінің Қазақстан Республикасындағы бас өкілі (келісім бойынша)
"Шұбаркөл Көмір" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің басқарушы директоры (келісім бойынша)
"Ангренсор Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)
"Гамма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
"Қаражыра" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша) "Молодежный" разрезі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры (келісім бойынша)
"Көмір химиясы және технологиялары институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы:
1) көмір өнеркәсібіндегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) жаңа бағыттарды ескере отырып, перспективада көмір өнеркәсібін дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеп, 2016 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |