"Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Атырау облысының әкімі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы (келісім бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жекешелендіру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |