Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 84-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес кұрамда Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі № 3 хаттамасының 2-тармағының 1) тармақшасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлесін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 136-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасында дінн экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша), жетекші
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары (келісім бойынша), жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы (келісім бойынша), хатшы
Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департамент бастығы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің директоры
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының бастығы (келісім бойынша)
Ішкі істер органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі (келісім бойынша)