1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Сот-сараптама қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 27-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының "Сот-сараптама қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
2. | Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
3. | Сот сараптамасы органдары сот сарапшылары жүктемелерінің нормативтерін бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
4. | Сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
5. | Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
6. | Сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
7. | Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
8. | Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
9. | Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
10. | Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
11. | Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
12. | Сот сарапшылары аттестациясын өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы наурыз | Ж.Б. Ешмағамбетов |
13. | Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
14. | Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
15. | Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
16. | Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
17. | Сот сарапшысының әдеп кодексін бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
18. | Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
19. | Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы | Министрдің бұйрығы | Әділетмині | 2017 жылғы сәуір | Ж.Б. Ешмағамбетов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі