1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 маусымдағы № 75-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына. уақтылы әзірлену мен енгізілуін жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қарашадағы № 434 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ЖАО (Астана қаласы) | 2017 жылғы шілде | С.М. Хорошун |
2. | Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарды айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
3. | Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен аялдамай жүріп өтетін теміржол көлігі құралдарына қатысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өтуден босату қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
4. | Жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
5. | "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
6. | "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2017 жылғы шілде | Е.З. Тұрғымбаев |
7. | "Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
8. | "Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
9. | "Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
10. | "Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
11. | "Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрт салдарын жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 910 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ, ИДМ, ЖАО (Астана, Павлодар, Алматы, Теміртау, Өскемен қалалары) | 2017 жылғы шілде | Ю.В. Ильин |
12. | "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
13. | "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
14. | "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 90 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
15. | "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
16. | "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
17. | "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
18. | "Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
19. | "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
20. | "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
21. | Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
22. | Шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
23. | Қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
24. | Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
25. | Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуын келісу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2017 жылғы шілде | Р.В. Скляр |
26. | Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | қаулы | ЖАО (Астана, Павлодар, Алматы, Теміртау, Өскемен қалалары) | 2017 жылғы шілде | С.М. Хорошун, Д.Н. Тұрғанов, Р.Т. Тауфиков, В.М. Цай, Қ.М. Тұмабаев |
27. | Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекіту туралы | қаулы | ЖАО (Астана, Павлодар, Алматы, Теміртау, Өскемен қалалары) | 2017 жылғы шілде | С.М. Хорошун, Д.Н. Тұрғанов, Р.Т. Тауфиков, В.М. Цай, С.Қ. Ақтанов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЖАО - Жергілікті атқарушы органдар