Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 26.06.2018 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзуді және өрттердің салдарын жою қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Алматы қаласының Әкімі
_______________ А. Есімов
20 14 жылғы 20 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 910 бұйрығымен бекітілген |
Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзуді және өрттердің салдарын жою қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы талаптар
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді және өрттердің салдарын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына және Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі (бұдан әрі – МЕӨҚҚ) үшін метрополитендегі және өртке қарсы ерікті құралымдар (бұдан әрі – ӨҚЕҚ) үшін трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік ұйымдарда өрт қауіпсіздігі және өрттердің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалалық рельсті көлік объектілерінің басшыларына жүктеледі. Ұйым басшысы жекелеген объектілердің және учаскелердің өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны белгілейді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қалалық рельсті көлігінің жылжымалы құрамы мен объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі нысаны өрттердің туындау қаупіне ықпал ететін себептерді уақтылы анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыс болып табылады.
Профилактикалық жұмыс жоспарлы зерттеу, үнемі бақылау қарап-тексеру, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауды бақылау тұрғысына күн сайынғы бақылау жиынтығын білдіреді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысты метрополитеннің МЕӨҚҚ, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік ұйымдардың ӨҚЕҚ жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде МЕӨҚҚ, ӨҚЕҚ мыналарға:
1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысына ведомстволық қарап-тексеру жүргізу арқылы қалалық рельсті көлігінің жылжымалы құрамы мен объектілерін пайдалану кезінде тиісті өртке қарсы режимді сақтауға;
2) қалалық рельсті көліктің қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт туындаған кездегі іс-қимылға үйретуге;
3) азаматтық қорғау органдарының қалалық рельсті көлік объектілерінің өрт сөндіру жедел жоспарын әзірлеуге, оларды пысықтау үшін ведомстволық жоспарлы машықтанулар мен оқу-жаттағуларды ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы бастамашылық ететін оқу-жаттығуларға қатысуға;
4) өрт қаупін азайтуға бағытталған жаңа техникалық шешімдерді енгізуге бағытталған шараларды қабылдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Метрополитендегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар мыналарды:
1) метрополитеннің жылжымалы құрамы мен объектілерін жоспарлы зерттеуді жүргізуді (жылына кемінде екі рет);
2) метрополитеннің жылжымалы құрамы мен объектілерін тұрақты бақылау қарап-тексеруді жүргізуді;
3) белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына күнделікті бақылау жүргізуді;
4) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құжаттарды әзірлеу;
5) өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар туралы метрополитеннің қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
8. Метрополитеннің жылжымалы құрамына немесе объектілеріне тексеру жүргізу кезінде:
1) өрт қауіпсіздігінің шаралары және оларды сақтау дәрежесі туралы нұсқаулықтардың болуы;
2) өрт қауіпсіздігі талаптарына объекті өрт қауіпсіздігінің нақты жай-күйіне сәйкес келуі;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі инспекторлардың ұсыныстарын қоса алғанда, бұрын белгіленген өртке қарсы іс-шаралардың орындалу деңгейі;
4) метрополитеннің әрбір станциясының, станция бойынша кезекшісінің үй-жайында жедел өрт сөндіру жоспарының, өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтардың, жолаушыларды эвакуациялау жоспарының, түтінденген немесе өрт болған жағдайда тоннель желдеткішінің шахтасы жұмыс істеген кезде метрополитен қызметкерлері іс-қимыл тәртібінің болуы;
5) метрополитен қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі және өрт туындаған жағдайда өрт сөндіру дағдыларын білуі;
6) метрополитеннің диспетчерлік қызметінің және станция кезекшілерінің үй-жайларында (өрт сөндіру бекеттерінде) метрополитен көлік кәсіпорнының басшысы бекітетін өрт және өрт сөндіру автоматикасы мен сигнализация қондырғыларының (жүйелерінің) ақаулығы туралы сигналдарды алу кезіндегі жедел (кезекші) персоналдың іс-қимылдары туралы нұсқаулықтың болуы белгіленеді.
9. МЕӨҚҚ қалалық рельсті көлік басшысы бекітетін жылдық, тоқсандық және айлық профилактикалық іс-шаралар жоспарларын әзірлейді. Жоспарларда ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шаралар және зерттелуі жоспарланатын объектілер көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. МЕӨҚҚ, ӨҚЕҚ басшысы жоспарлардың орындалуын бақылайды және оған белгі жасайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмаған жағдайда тоқсан сайын олардың орындалмау себептері туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген жүргізілген жұмыс көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жоспарлы, бақылау тексерулердің және күнделікті бақылау нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданады:
1) МЕӨҚҚ еркін түрде өрт-техникалық қарап-тексеру актісін жасайды, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйін айқындайды, анықталған бұзушылықтарды белгілейді, анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері және орындаушыларын айқындайды;
2) МЕӨҚҚ басшысы метрополитеннің басшысына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы жазбаша баяндайды, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді және анықталған бұзушылықтарды жою барысын бақылайды;
3) МЕӨҚҚ басшысы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
12. Қалалық рельсті көлік объектілерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі шараларына ұйымдар қызметкерлері мен халықты оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар негізінде арнайы өртке қарсы даярлықтан өтеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. МЕӨҚҚ осы Қағидалар өрт қауіпсіздігі саласындағы нұсқаулықтар және басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде тұтастай ұйым және әр жекелеген объектілер үшін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мынадай іс-шараларды қамтуы тиіс:
1) аумақтарды, ғимараттарды және үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялық жолдарды ұстауға қойылатын талаптар;
2) технологиялық процестерді жүргізу, жабдықтарды пайдалану, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар;
3) жарылыс өрт қаупі бар және өрт қаупі бар заттар мен материалдарды сақтау және тасымалдау нормалары;
4) темекі тарту орындарын, ашық отты қолдану және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі;
5) жанғыш заттарды жинауға, сақтауға және басқа орынға әкетуге, арнайы киімдерді ұстауға және сақтауға қойылатын талаптар;
6) ауытқуы өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін бақылау-өлшеу аспаптарының (манометр, термометр) шекті көрсеткіштері;
7) қызмет көрсететін персоналдың іс-қимылдары, оның ішінде:
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру жүйелілігі;
технологиялық жабдықтың авариялық тоқтату жүйелілігі;
желдеткішті және электр жабдығын ажырату жүйелілігі;
өрт сөндіру құралдарын және өрт сендіру автоматикасы қондырғыларын қолдану қағидалары;
адамдарды, жанғыш заттарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жүйелілігі;
метрополитеннің барлық үй-жайларын жайларын тексеру және өрт-жарылыс қаупі болмайтын жай-күйге келтіру.
14. Технологиялық процесті және жұмыс шарттарын өзгерту кезінде, сондай-ақ объектіде болған өрттер, авариялар және жарылыстарды талдау негізінде Өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық үш жылда кемінде бір рет қайта қаралады.
3-тарау. Қалалық рельсті көлікте өрттің салдарын жою тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Метрополитендегі өрттің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар метрополитен басшысы бекіткен аварияны жою жоспарына сәйкес, ал трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік объектілерінде ұйым басшысы белгіленгін тәртіппен ұйымдастырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіруге басшылық етуді авариялық-қалпына келтіру құралымының аға лауазымды адамы жүзеге асырады.
17. Ірі өрттерді жою кезінде жедел штаб, өрт сөндірудің учаскесі мен секторлары құрылады. Жедел штаб станцияның вестюбюлінде, өрт орнына жақын маңда құрылады және мыналарды:
1) барлық жұмыс істейтін бөлімшелермен байланысты ұйымдастыруды;
2) электр кернеуін ажырату жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауды;
3) жұмыстың авариялық режимінде тоннельдік желдеткіш жүйесін, сондай-ақ жылжымалы түтін оқшаулағыш құралдарын пайдалана отырып, жану өнімдерін сыртқа шығаруды;
4) әртүрлі бағыттағы өртті, бірінші кезекте адамдардың шоғырлануы мүмкін орындарды барлауды;
5) бірінші кезекте жану оқиғасы орын алған үй-жай (нүкте) деңгейінен төмен орналасқан эвакуациялау жолдарын және басқа станцияларға өтетін жолдарды пайдалана отырып, адамдарды эвакуациялау және құтқаруды;
6) метрополитен қызметтерімен, сондай-ақ жедел ден қою және қаланың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды;
7) барлық жұмылдырылған күштер мен құраларды есепке алуды қамтамасыз етеді.
18. Өрттің салдарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін де өрт орын алған метрополитен объектілерінде штаб құрылады.
19. Штаб өрт салдары туралы ақпаратты қарайды, метрополитеннің авариялық-қалпына келтіру құралымдарын жұмылдыру туралы шешім қабылдайды.
20. Штаб жұмысын қамтамасыз ету метрополитеннің көлік кәсіпорнының басшысына жүктеледі.
21. Өрт салдарын жою кезінде қалалық рельсті көліктнің жылжымалы құрамдар қозғалысын қалпына келтіруге, электр энергиясымен, байланыспен қамтамасыз ету, темір жолдарды, энергиямен жабдықтау және байланыс қондырғыларын жөндеуді қоса алғанда, тоқтап қалған технологиялық процестің жұмысын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 21.08.2017 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Өрттің салдарын жоюға байланысты міндеттерді шешу үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) қауіпті аймақтан жолаушыларды және персоналды эвакуациялау;
2) өрт салдарын бағалау;
3) метрополитеннің қосымша күштер мен құралдарын жұмылдыру туралы шешім қабылдау;
4) метрополитеннің станцияларында, туннельдерінде және жылжымалы құрамында адамдардың болуын (немесе болмауын) тексеру;
5) метрополитеннің көлік кәсіпорнының қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
6) өрт болған метрополитен объектісінің жұмысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
7) метрополитен объектісінің жұмыс режимін өзгерту;
8) жолаушыларды тасымалдауға шектеу (карантин) қою.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 11.11.2015 № 909 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Өртті жоюға кезінде пайдаланылған өрт және қосымша техника, өрт-техникалық жабдықтар мен құралдар жұмыс аяқталғанда тазаланады және олардың техникалық жай-күйі тексеріледі және тұрақты орналастыру орнына қойылады.