Қазақстанда блокчейн технологиясын қолдану мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Қазақстанда блокчейн технологиясын қолдану мәселелері жөнінде мынадай кұрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, жетекші
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тарағасы (келісім бойынша)
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Қазпочта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Қазақстандық интернет-бизнестің және мобильдік коммерция қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2018 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстанда блокчейн технологиясын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |