Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 96-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарламаның жобасы) әзірлеу үшін:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан туристік қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің жоғары экономика мектебінің директоры (келісім бойынша)

      М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің "Менеджмент және туризм" кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша) Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Маркетинг" кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Туризм" кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2018 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады