"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 20-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 149-ө өкімі

      "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 20-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл сайын 10 желтоқсаннан кешіктірмей, халыққа есеп беру кездесулерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларының шығу кестесін жасау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберсін.";

      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің халыққа есеп беруін өткізу кестесін жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың (келісім бойынша) басшылары қоса беріліп отырған бекітуге сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын.";

      мынадай мазмұндағы 7-4-тармақпен толықтырылсын:

      "7-4. Жергілікті атқарушы органдар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін жетекші өңірлік телеарналарда онлайн-трансляцияны ұйымдастыра отырып өткізуді қамтамасыз етсін.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері төмен тұрған әкімдердің есепті жылдағы кездесулерінің қорытындыларын ескере отырып, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың (келісім бойынша) құзыретіне жататын проблемалар тізбесін жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынсын.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының есеп беруінің үлгілік нысанында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың есебінде:

      орталық атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қызметінің негізгі бағыттары туралы;

      орталық атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қызметінің нәтижелері туралы;

      елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, меморандумдардың түйінді көрсеткіштеріне, стратегиялық жоспарлардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және салаларды/аяларды дамыту жөніндегі міндеттер мен оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары, бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс;".

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекітуде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Атырау

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

      ";

14

Түркістан

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      ";

      Мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17 жолмен толықтырылсын:

      "

17

Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      ";

      көрсетілген өкіммен бекітілген ұлттық холдингтер мен компаниялар (келісім бойынша) басшыларын орталық атқарушы органдар басшыларының есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекітуде:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      ".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады