Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың штат санын және шығыстарын оңтайландыру жөніндегі 2019 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 23-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың штат санын және шығыстарын оңтайландыру жөніндегі 2019 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін жартыжылдық негізде қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін жартыжылдық негізде осы Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 18 ақпандағы
№ 23-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың штат санын және шығыстарын оңтайландыру жөніндегі 2019 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1 2 3 4 5
Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын оңтайландыру

1.

Артық және қайталанатын функцияларды анықтау тұрғысынан мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына функционалдық талдау жүргізу

ОАО және ЖІАО

ҰЭМ-ге ақпарат

2019 жылғы сәуір

2.

Функционалдық талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын, оның ішінде олардың штат санын қайта қарай отырып, оңтайландыру

ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, МҚІСҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2019 жылғы мамыр

3.

Мемлекеттік органдардың штат санын:
бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру;
мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру есебінен қысқарту

мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

министрлердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтары, әкімдердің шешімдері

2019 жылғы бірінші тоқсан

4.

Тиісті жүргізілген талдаудың негізінде ОАО/ЖАО атқарушы құрамына жетекшілік ететін негізгі персоналға қосалқы персоналдың қатынасын нормативтік бекіту бойынша ұсыныстар әзірлеу

МҚІСҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

ҰЭМ-ге ұсыныстар

2019 жылғы бірінші тоқсан

5.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерін әкімшілік күтіп ұстау шығыстарын оңтайландыру

мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

ҰЭМ-ге ақпарат

2019 жылғы екінші тоқсан

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың (ММ, АҚ, ЖШС, МК) ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру

6.

2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік ; маңызы бар объектілер болып табылмайтын ведомстволық бағынысты жаңа ұйымдарды құруға мораторий енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу

ҰЭМ (жинақтау), Қаржымині, МҚІСҚА (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

2019 жылғы наурыз

7.

Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын одан әрі оңтайландыру, шоғырландыру не тарату бойынша ұсыныстар енгізу

МҚІСҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

ҰЭМ-ге ұсыныстар

2019 - 2020 жылдар, жартыжылдық негізде

8.

Мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша ұсыныстар әзірлеу

мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

АКМ-ге ұсыныстар

2019 жылдың екінші жартыжылдығы

9.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру, шоғырландыру және тарату шеңберінде босатылған алаңдарды мақсатты пайдалану бойынша нормативтік бекіту

Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы

Министрліктердің аумақтық бөлімшелеріндегі және министрліктердің аумақтық органдарындағы қосалқы қызметтерді орталықтандыру және оңтайландыру

10.

Министрліктердің аумақтық бөлімшелеріндегі және министрліктердің ведомствалық аумақтық органдарының қосалқы қызметтеріне функционалдық талдау жүргізу

мүдделі мемлекеттік органдар

ҰЭМ-ге ақпарат

2019 жылғы екінші тоқсан

11.

Функционалдық талдау нәтижелері бойынша "Бірыңғай баланс ұстаушы" жобасының шеңберінде министрліктердің құрылымдық бөлімшелерінің қаржы, әкімшілік құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтеріне жауапты құрылымдық бөлімшелерін орталықтандыру және оңтайландыру

Қаржымині (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

Қазақстан Республикасы министрлерінің бұйрықтары

2020 жылдың екінші жартыжылдығы

Штаттық бірліктерді босатудың "қолайлы" тетіктерін тарту

12.

Мемлекеттік органдардағы бос орындарды алмастыру ұзақтығына талдау жүргізе отырып, мемлекеттік қызмет кадрларының жағдайына мониторинг жүргізу

МҚІСҚА (келісу бойынша) (жинақтау), ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

ҰЭМ-ге ақпарат

2019 жылғы ақпан

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың техникалық қызмет көрсетуін және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер бойынша нормативтерді жетілдіру

13.

Экономикалық орындылықты және аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаны тартуды ескере отырып, мемлекеттік органдардың техникалық қызмет көрсетуін және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жекелеген лауазымдарды және қызметкерлердің нормативтік санын оңтайландыру

Еңбекмині (жинақтау), ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

2019 жылдың екінші жартыжылдығы

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың зерттеулер жүргізуге арналған шығыстарын оңтайландыру

14.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың зерттеулер жүргізуге арналған шығыстарын оңтайландыру:
- қаржыландырылуы консалтингтік қызметтер көрсету, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын консультациялық қызметтерге талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер есебінен көзделген жоспарланған әлеуметтанушылық және басқа да зерттеулердің негізділігіне талдау жүргізу;
- талдау қорытындылары бойынша зерттеулер жүргізуге арналған тиісті шығыстарды оңтайландыру

мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

ҰЭМ-ге ақпарат

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      АҚ - акционерлік қоғам

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО - жергілікті атқарушы орган

      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚДМ - Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

      МК - мемлекеттік кәсіпорын

      МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ММ - мемлекеттік мекеме

      ОАО - орталық атқарушы органдар

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады