Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 74-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 74-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін ендіру және қайта өңдеу департаменті Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту басқармасының басшысы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Қайта өңдеу және кооперация басқармасының басшысы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу және стандарттау басқармасының басшысы

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу әдіснамасы департаментінің әдістеме басқармасының басшысы

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшелері (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының басқарма торағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңдеуші өнеркәсіп департаментінің директоры - басқарушы директор (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік департаментінің директоры - басқарушы директор (келісу бойынша)

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Стратегия және корпоративтік даму департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының Өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік орталығының директоры (келісу бойынша)

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Инновацияны дамыту департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Активтер портфелін басқару секторының басшысы (келісу бойынша)

      "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Ұлттық Палатасы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы және ағаш өңдеу ұйымдарының "Жасыл Орман" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің Одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан лифтовиктер одағы" қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің өзін-өзі реттеу ұйымының президенті (келісу бойынша)

      "ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы" заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушыларының одағы" заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасының орынбасарлары (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің Одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушыларының одағы" заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы дирекциясының директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушыларының одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясы директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының химиктер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы және ағаш өңдеу ұйымдарының "Жасыл Орман" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Тау-кен ендіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "Жасыл" экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы" заңды тұлғалар бірлестігінің Өнеркәсіп департаментінің директоры (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады