"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 75-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісу бойынша):

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2019 жылғы 4 мамырдағы
№ 75 өкiмiмен
бекiтiлген

"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны
 

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

2.

"Жекеше индустриялық аймақтың шекарасына дейінгі инфрақұрылым объектілерін салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

3.

Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

4.

Бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ ҰЭМ СІМ ЭМ Қаржымині
 

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

6.

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині
ҰЭМ
ИИДМ

2019 жылғы маусым

Б.Ш. Шолпанқұлов

7.

Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын,
сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2019 жылғы маусым

Е.Б. Көшербаев

8.

"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині
ИИДМ

2019 жылғы
маусым

Ж.Х. 
Мәдиев

9.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мәселелері бойынша үлгілік шарттар, өтініштер мен сауалнамалар нысандарын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

10.

"Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ
Қаржымині
ҰЭМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

11.

Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

12.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

13.

Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

14.

Сараптама кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

15.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

16.

Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

17.

Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

18.

Индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

19.

Жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

20.

Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

21.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ
ҰЭМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

22.

Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ
 

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

23.

Тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ
 

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

24.

Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ
 

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

25.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ
 

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

26.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

А.Қ. Ержанов

27.

Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін бекіту туралы

Сыртқы істер министрінің бұйрығы
 

СІМ

2019 жылғы маусым

Е.Б. Көшербаев

28.

Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы
 

ИИДМ

2019 жылғы маусым

Қ.А. Өскенбаев

29.

"Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Энергетика министрінің бұйрығы
 

ЭМ

2019 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

30.

Мұнай өнімдерін беру жоспарын
қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Энергетика министрінің бұйрығы
 

ЭМ

2019 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

31.

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына (аумағынан) осындай экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың кіруі және шығуы тәртібін бекіту туралы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы

ҰҚК (келісу бойынша)

2019 жылғы маусым

Д.А. Ділманов

32.

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Ішкі істер министрінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығы

ІІМ
ҰҚК (келісу бойынша)
 

2019 жылғы маусым

М.Ш. Қожаев

33.

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2019 жылғы маусым

С.Қ. Жақыпова

34.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы
28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2019 жылғы маусым

С.Қ. Жақыпова

35

"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2019 жылғы маусым

С.Қ. Жақыпова

36

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині
ИИДМ

2019 жылғы
маусым

М.Т. 
Тәкиев

37.

Экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині,
ҰЭМ,
ИИДМ

2019 жылғы
маусым

Р.Б. Бекетаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады