Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 79-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық материалдарды мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру жөніндегі жұмыстарды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылатын ақпараттың дұрыстығы және уақтылығы үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 79 өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі

Р/с№

Құжаттың атауы

Ақпараттық материалдар ұсыну мерзімі

Ақпараттық материалдарды ұсыну/орналастыру нысаны

Орталық атқарушы органдар, Ұлттық Банк (келісу бойынша) және ұйымдар (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлімдері

1

2

3

4

5

1. Күн сайынғы ақпарат

1.

Қазақстан Республикасының аумағында өткен тәуліктерде болған табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат

Ішкі істер министрлігі

Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі, Өңірлік даму бөлімі

Электрондық формат (электрондық пошта)

2.

Өткен тәуліктердегі қылмыстар және оқиғалар туралы жедел ақпар

Ішкі істер министрлігі

Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі

Қағаз формат

3.

Үкімет мүшелерінің, вице-министрлердің, жауапты хатшылардың, комитеттер төрағаларының және ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялардың бірінші басшыларының жүрген
жерлері туралы ақпарат

Күн сайын күніне 2 рет сағат 8-30-да және 16-30-да.
Министрліктер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар

Кадр жұмысы бөлімі

Министрліктер үшін ауызша (телефон арқылы) Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін электрондық формат (электрондық пошта)

2. Апта сайынғы ақпарат

4

Маусымдық сипаттағы жедел ақпарат:
1) көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы туралы;
2) ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы

10 сәуірден бастап егіс науқанының соңына дейін;
10 шілдеден бастап егін жинаудың соңына дейін.
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Индустриялық-инновациялық даму бөлімі

Электрондық формат (мемлекеттік органдардың интранет-порталы*)

5.

Жалақы бойынша берешек және республика кәсіпорындарында жұмыстан босатылған адамдар туралы өңірлер бөлінісіндегі ақпарат

Апта сайын әр жұмада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

Өңірлік даму бөлімі

Электрондық формат (мемлекеттік органдардың интранет-порталы*)

3. Ай сайынғы ақпарат

6.

Орталық атқарушы органдардағы бос орындар туралы деректер

Әр айдың 10-шы күні. Министрліктер.

Әр айдың 15-ші күні, Кадр жұмысы бөлімі

Электрондық формат (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі)

7.

Президенттің және Премьер-Министрдің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралардың алдағы айға арналған жиынтық жоспары

Өткен айдың 20-шы күні. Ішкі істер министрлігі.

Әр айдың 1-ші күні, Премьер-Министрдің Хатшылығы, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі

Электрондық формат (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі)

8.

Ұлттық мерекелерге, үкімет басшыларының туған күндеріне орай құттықтау хаттарын (жеделхаттар) жіберу жоспарланып отырған елдердің тізбесі

Өткен айдың 20-шы күні. Ішкі істер министрлігі.

Әр айдың 1-ші күні, Премьер-Министрдің Хатшылығы, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі

Электрондық формат (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі)

9.

Қордан қаражат бөлу туралы Үкіметтің әрбір шешімі бойынша тиісті жылға арналған Үкімет резервінің қаражатын пайдалану туралы
ақпарат (құпия)

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күні. Қаржы министрлігі.

Экономикалық бөлім

Қағаз формат

4. Тоқсан сайынғы ақпарат

10.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі

Кезекті тоқсан басталғанға дейін 15 күн бұрын.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Электрондық формат (мемлекеттік органдардың интранет-порталы*)

11.

Жалпыланған деректерді қоса бере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке тұлғаларды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат

Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне қарай.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Электрондық формат (мемлекеттік органдардың интранет-порталы*)

5. Жартыжылдық ақпарат

12.

Құжат айналымының (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық) жалпы көлемі туралы статистикалық деректерді қоса бере отырып, құжат айналымын қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат.
Құжат айналымының (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық) жалпы көлемі туралы статистикалық және талдамалық деректерді қоса бере отырып, құжат айналымын қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы жиынтық ақпарат
(ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдық, 9 ай, жыл)

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне қарай, орталық және жергілікті атқарушы органдар:
- Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне құжат айналымының (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық) жалпы көлемі туралы статистикалық деректер
- Мәдениет және спорт министрлігіне құжат айналымын қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы талдамалық ақпарат
Есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мәдениет және спорт министрлігіне құжат айналымының (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық) жалпы көлемі туралы жиынтық статистикалық деректер
Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, Мәдениет және спорт министрлігі құжат айналымын (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық) қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы жиынтық талдамалық ақпарат

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Электрондық формат (мемлекеттік органдардың интранет-порталы*)

6. Жыл сайынғы ақпарат

13.

Орталық атқарушы органдардың құрамы және ауыспалылығы туралы ақпарат және талдамалық жазбахат

Есепті жылдан кейінгі жылдың 15-ші қаңтары. Министрліктер

Әр жылдың 1-ші наурызы, Кадр жұмысы бөлімі

Қағаз және электрондық форматтар (электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі)

      * мемлекеттік органдардың интранет-порталында ақпаратты "Құжаттар кітапханасы/ МО ақпаратының тізбесі/ Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі" деген бөлімде орналастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады