"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 88-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 22 мамырдағы
№ 88 өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі



Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

"Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

2

"Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 301 қаулысына толықтыру енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

3

"Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

4

"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық
 

БҒМ

2019 жылғы
маусым

Б. Асылова

5

"Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық
 

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

6

"Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

7

"Сырттай және кешкі оқыту нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

БҒМ
 

2019 жылғы маусым

Э. Суханбердиева
 

8

"Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына толықтырулар еңгізу туралы

бұйрық

БҒМ
 

2019 жылғы маусым

Э. Суханбердиева
 

9

"Жеңімпаздарына мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесін бекіту туралы" Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

бұйрық

МСМ

2019 жылғы маусым

А. Райымқұлова

10

"Жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

бұйрық

МСМ

2019 жылғы маусым

Е. Рамазанов

11

"Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

12

"Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

13

"Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 21 өкіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

14

"Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімі

БҒМ

2019 жылғы маусым

Б. Асылова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады