Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысын (бұдан әрі – ЖЕЭК) дайындауды және 2019 жылғы 28 – 30 мамыр кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес ЖЕЭК отырысын дайындау және өткізу бойынша протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) белгіленген тәртіппен:
1) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне Нұр-Сұлтан қаласында мынадай:
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы ресми делегацияларының басшылары мен мүшелері – "1+8";
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы – "1";
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы – "1" форматтары бойынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) 2019 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы, 028 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының 100 "Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы" кіші бағдарламасы, 028 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының 101 "Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен ЖЕЭК отырысын өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелерінің Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы, тұратын және болатын орындардағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен бірге жүретін адамдарының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайында, резервтік нұсқа ретінде) қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайында, резервтік нұсқа ретінде) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін;
3) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп (ауа райы қолайсыз болған және арнайы ұшақтар Қарағанды қаласының әуежайында қонған жағдайда, резервтік нұсқа ретінде) ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларын Қарағанды қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен ЖЕЭК отырысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегациялары басшыларының құрметіне ресми қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдауды (дыбыс, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
7. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қажет болған жағдайда ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
8. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі:
1) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;
2) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын, көшелер мен ЖЕЭК отырысы өтетін орындарды безендіруді қамтамасыз етсін;
3) 2019 жылғы 22-30 мамыр кезеңінде ЖЕЭК отырысын дайындау және өткізу кезінде Тәуелсіздік сарайын өтеусіз негізде беруді қамтамасыз етсін.
9. Қарағанды облысының әкімдігі (ауа райы қолайсыз болған және арнайы ұшақтар Қарағанды қаласының әуежайында қонған жағдайда, резервтік нұсқа ретінде) ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларын қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында (ауа райы қолайсыз болған және арнайы ұшақтар Қарағанды қаласының әуежайына қонған жағдайда, резервтік нұсқа ретінде) ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларын қарсы алу және шығарып салу уақытында тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 90 өкіміне 1-қосымша |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын дайындау мен өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің протоколдық-ұйымдастыру шаралары
2019 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен:
1) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (бұдан әрі – ЖЕЭК) шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарының дыбыс және жарық жабдығын, конференц-жүйесін, баспасөз конференцияларды (ЖЕЭК-тің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары өткізілетін орындарды тиісті тақырыптық безендіруді, ЖЕЭК-тің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары (монтаж/демонтаж жұмыстары) өтетін залдарды және штаб бөлмелерін жалдауды);
2) баспасөз орталығын техникалық жарақтандыруды (іс-шараларды тікелей телетрансляциялауды, оның ішінде баспасөз орталығына теле- және аудиосигнал беруді, компьютерлерді, принтерлерді, көп функционалды құрылғыны, халықаралық байланысқа, жоғары жылдамдықтағы сымды және сымсыз интернетке қосылған телефон және факс аппараттарын жалға алу, мониторларды орнату, сондай-ақ дыбыс жабдығы және бейне түсіру, аудиосплиттер);
3) ЖЕЭК отырысына қатысушылар, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспа және басқа да өнімдерді (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы кіру рұқсатнамалар) дайындауды;
4) аталған іс-шараларды өткізу кезеңінде ЖЕЭК отырыстарына қатысушылар, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін тамақтандыру мен кофе-брейктерді ұйымдастыру және қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 90 өкіміне 2-қосымша |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы кезінде ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. 2019 жылғы 28 – 30 мамыр кезеңінде ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегациялары басшылары мен мүшелерін "1+8" форматы бойынша, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы "1" мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы – "1" форматы бойынша және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Нұр-Сұлтан қаласының қонақүйлері мен резиденцияларында орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы кіру рұқсаттары, куверттік карталар, қабылдауға шақыру хаттары және т.б.) әзірлеу.
3. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларын қарсы алу мен шығарып салу кезінде шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.
4. ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегациялары басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан берілетін ресми және бейресми (таңғы, түскі, кешкі қонақасы) қабылдауларды, сондай-ақ техникалық үстелдерді ұйымдастыру.
5. ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелері және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы үшін сыйлықтар мен кәдесыйларды сатып алу.
6. ЖЕЭК отырысы өтетін орындарды техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру.
7. 2019 жылғы 28 – 30 мамыр кезеңінде ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелері үшін көліктік қызмет көрсету.
8. ЖЕЭК отырысына қатысатын мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.
9. Өткізілетін іс-шаралардың стенографиялық жазбасын қамтамасыз ету.