Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 115-ө өкімі.

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 16.06.2022 № 104-ө өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 16.06.2022 № 104-ө өкімімен.

      2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары:

      1) Жол картасында көзделген іс-шараларды уақтылы орындауды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне белгіленген мерзімде ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтап, жарты жылда кемінде бір рет Жол картасының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 115-ө өкімімен
бекітілген

Машина жасауды дамытудың 2024 жылға дейінгі жол картасы

      Ескерту. Жол картасы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 16.06.2022 № 104-ө өкімімен.

Р/с № Атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5

2024 жылға қарай машина жасауда күтілетін нәтижелер:
1) өндіріс көлемінің 2,6 трлн теңгеге дейін өсуі;
2) еңбек өнімділігі 24 мың АҚШ доллары/адам;
3) экспорт көлемі 2 млрд АҚШ долларына дейін.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету

1.

Машина жасау кәсіпорындары үшін отандық металлургия өнімдерін басымдықпен жеткізуді қамтамасыз ететін тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарымен келісімдер жасау

келісім

2022 жылғы маусым

ИИДМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

2.

Қазақстандық шикізатты (кенді, ферроқорытпаларды, металл сынықтарын), металл илегін пайдаланатын ресейлік металлургиялық компаниялардың қазақстандық тұтынушыларға Ресей Федерациясының аумағында қолданылатын бағалар бойынша қарсы жеткізуін (толлингтік операцияларды қоса алғанда) ұйымдастыру мәселесін пысықтау

ҚР мен РФ Үкіметаралық комиссиясының хаттамасы

2023 жылғы наурыз

ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

3.

ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауардың тізбесін сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының металл өнімдерінің (металл илек, сортты илек және болатпен шойыннан жасалған дайындама, дайындамаға арналған шикізат) атауларымен және кодтарымен толықтыру мәселесін пысықтау

ҰЭМ-ге ұсыныс

2023 жылғы маусым

ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

4.

Металл илегін тұтыну ауқымын және шикізат базасының болуын егжей-тегжейлі талдау

талдамалық ақпарат

2022 жылғы тамыз

ИИДМ, "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

5.

Машина жасау кәсіпорындарын құйма және соғылған дайындамамен қамтамасыз ету бойынша өндірістер құруға, кеңейтуге мүдделі жобаларды анықтау

жобалардың бекітілген тізбесі

2022 жылғы қараша

ИИДМ, ҚМО (келісу бойынша)

Реттелетін сатып алу және қазақстандық қамту үлесін арттыру саласындағы қолдау шаралары

6.

Республикалық деректер негізінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде тұтынылатын машина жасау өнімдерін толыққанды талдау және Қазақстан Республикасында жергіліктендіру орынды болатын номенклатурасын айқындау

машина жасау өнімдерін талдау және оның тізбесі

2022 жылғы қазан

ИИДМ, "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша) "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

7.

Өндірістік қуатты ескере отырып, машина жасау тауарын сатып алу кезінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялардың, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың сатып алуындағы елішілік құндылық үлесін еншілес-тәуелді ұйымдар бөлінісінде кемінде 5 пайыздық тармаққа (өткен қаржы жылының көрсеткіштерінен) жыл сайын ұлғайту

елішілік құндылықты ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу туралы есеп

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 30 қазанға қарай

ИИДМ, "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша) "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАвтоЖол" АҚ (келісу бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

8.

Осы Жол картасының 7-тармағына сәйкес еншілес-тәуелді ұйымдар бөлінісінде елішілік құндылық бойынша нысаналы индикаторларды (KPI) бекіту

ішкі бұйрық

2022 жылғы маусым

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚазАвтоЖол" АҚ (келісу бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісу бойынша)

9.

Қатты пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын, уранды барлық жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдерін ерікті негізде жасауы

қол қойылған келісімдер

2022 жылғы маусым

ИИДМ, ЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

10.

Халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, қолданыстағы келiсiмшарттар шеңберінде қатты пайдалы қазбаларды, көмiрсутекті және уранды жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында елішілік құндылық үлесін сатып алынған тауардың жалпы көлемiнен кемінде 5 пайыздық тармақ деңгейіне ұлғайту

ИИДМ-ға жер қойнауын пайдаланушының сатып алуындағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 30 маусымға қарай

ЭМ, "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "МГАТО" АҚ (келісу бойынша), "PSA" ЖШС (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

11.

"Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығы шеңберінде қазақстандық өндірушілер үшін тауарды жеткізу мерзімін 90 күнге дейін ұлғайту және көмірсутек пен уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында қазақстандық тауар өндірушілерге ақы төлеу мерзімін күнтізбелік 30 күнге дейін қысқарту

ЭМ бұйрығы

2022 жылғы маусым

ЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

12.

Машина жасау өнімін сатып алуға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алудың санаттылық стратегиясы шеңберінде меншіктің жиынтық құнын есепке алу бойынша нақты тетік тұжырымдау

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізу

2022 жылғы желтоқсан

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

13.

Жасалатын офтейк келiсiмшарттардың көлемiн ұлғайту мақсатында импортты алмастыру бағдарламасын және таза импорт пулын қалыптастыру тетiгiн өзектілендіру

ИИДМ-ға ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

14.

Жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбаларды тауар биржалары арқылы сатып алған кезде сатып алынатын тауарлар санын Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес бекітілген биржалық тауар тізбесі және тауар биржалары арқылы өткізілетін, ұсынылатын тауар партияларының ең аз мөлшері бойынша шектеу мәселесін пысықтау

ИИДМ-ға ақпарат

2023 жылғы наурыз

СИМ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

15.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Атамекен" ҰКП берген индустриялық сертификат негізінде 25-30 экономикалық қызмет түрінің жіктеуішіне сәйкес тауар номенклатурасы бойынша қордың тауар өндірушілерінің тізілімін қалыптастыру мәселесін пысықтау

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізу

2022 жылғы маусым

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

Техникалық реттеу шаралары

16.

Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу

бекітілген ұлттық және мемлекетаралық стандарттар

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 15 қарашаға қарай

СИМ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

17.

Стандарттау бойынша бейінді техникалық комитеттерді өзектілендіру

талдамалық ақпарат

2023 жылғы наурыз

СИМ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

Институционалдық ортаны жетілдіру бойынша шаралар

18.

Машина жасау саласын дамыту мәселелерін, сондай-ақ машина жасау өнімін отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндамаға қосу

ұлттық баяндама

2023 жылғы наурыз

ИИДМ, ҚМО (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша)

Экономикалық ынталандыру шаралары

19.

Машина жасау саласындағы кәсіпорындарды жаңғыртуға "ӨДҚ" АҚ қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесін пысықтау

ИИДМ бұйрығы

2022 жылғы маусым

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

20.

Отандық шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған машина жасау саласындағы басым жобаларды іске асыру үшін "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-ның қолжетімді мемлекеттік қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесін пысықтау

ИИДМ бұйрығы

2022 жылғы маусым

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ (келісу бойынша)

21.

"ӨДҚ" АҚ шеңберінде машина жасау өніміне (тау-кен металлургия, мұнай-газ, электр техникалық машина жасауды қоса алғанда) жеңілдікті лизингтік бағдарламаларды әзірлеу мәселесін пысықтау

"ӨДҚ" АҚ Директорлар кеңесінің шешімі

2024 жылғы маусым

ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісу бойынша). "ӨДҚ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

22.

"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына отандық өңделген тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі шығынды өтеудің ең көп сомасын 3 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу

ИИДМ бұйрығы

2022 жылғы маусым

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша).

Саланы білікті кадрлық ресурспен қамтамасыз ету

23.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды дамыту мәселесін пысықтау

БҒМ-ға ұсыныс

2023 жылғы маусым

ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

24.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабын іске асыру шеңберінде машина жасау мамандықтары бойынша мамандардың біліктілігін растайтын орталық (орталықтар) құру

біліктілікті растау орталығы

2024 жылғы маусым

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуды және жаңа өндірістерді құруды ынталандыру

25.

Қаржыландыру шартымен "Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар" басым бағыты бойынша инновациялық грант беру арқылы машина жасау саласын қолдау

ИИДМ-ға ақпарат

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 30 маусымға қарай

ЦДИАӨМ, "QazInnovations" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

26.

Шетелдік инвесторларды тарту үшін кейіннен инвестициялық тизер әзірлей отырып, машина жасаудағы перспективалы жобаларды айқындау

жобалар тізбесі

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 30 маусымға қарай

ИИДМ, СІМ, "KazakhInvest" АҚ (келісу бойынша), "ҚИЭО" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

27.

Машина жасау саласында шет елдер қатысатын жобаларды, оның ішінде қолданыстағы жобаларды іске асыру процесін сүйемелдеу

ИИДМ-ға ақпарат

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 30 маусымға қарай

СІМ, "KazakhInvest" АҚ (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

Машина жасау өнімінің экспортын дамыту және ілгерілету

28.

"KazakhExport" АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 6 шешімімен бекітілген Экспорттаушыларға экспорт алдындағы қаржыландыруды ұсыну қағидалары шеңберінде машина жасау саласы үшін экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мәселесін пысықтау

ИИДМ-ға ақпарат

2023 жылғы маусым

СИМ, "KazakhExport" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

29.

Экспорт бойынша шығынды өтеу порталын автоматтандыру және оның басқа құрылымдардың (Қаржыминінің МКК (салық, кеден) немесе "Атамекен" ҰКП (сертификаттау)) ақпараттық жүйелерімен интеграциясы мәселесін пысықтау

"export.gov.kz" порталын автоматтандыру және басқа мемлекеттік органдардың порталымен интеграциялау

2024 жылғы наурыз

СИМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ, ИИДМ, "QazTrade" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

Машина жасау секторын қолдаудың нақты шаралары

30.

Көлік құралы мен ауыл шаруашылығы техникасына құрамдас бөліктерді шығаруды (ЭҚЖЖ 24.51 – шойын құю, ЭҚЖЖ 22.11 – резеңке шиналар, қаптамалар мен камералар өндірісі, ЭҚЖЖ 29.32 – автомобильдердің басқа да бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру) заңнамада белгiленген тәртiппен басым инвестициялық жобаларды iске асыру үшін айқындалған қызметтiң басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2023 жылғы желтоқсан

ИИДМ, ҰЭМ, СІМ, Қаржымині

31.

Импортты алмастыру және өндірісті жергіліктендіру мақсатында техникалық ерекшелігін, сатып алу жоспарларын көрсете отырып, әрбір ірі жоба бойынша импортталатын мұнай-газ жабдығы түрлерінің тізбесін қалыптастыру

ИИДМ-ға ақпарат

2022 жылғы желтоқсан

ЭМ, МГМДХО (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

32.

Халықаралық мұнай-газ операторларымен жұмыс істеу үшін жыл сайын машина жасауда кемінде 3 перспективалық жобаны айқындау

жобалар тізбесі

2022 – 2024 жылдары жыл сайын 30 маусымға қарай

ЭМ, ИИДМ, МГМДХО (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша)

33.

Машина жасауда шетелдік бірегей жабдықты озық өндірушілерді өз өнімін Қазақстан Республикасында жергіліктендіруге тартуға бағытталған жаңа өндірістерді құрудың пәрменді тетігін әзірлеу арқылы жергіліктендіруді дамыту және арттыру бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушылардан, металлургиялық кәсіпорындардан және машина жасау кәсіпорындарынан тұратын жұмыс тобын құру

жұмыс тобы

2023 жылғы наурыз

ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ҚМО (келісу бойынша), АТМКА (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады