Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 135-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасының жобасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу мерзімі 2019 жылғы 30 қыркүйек болып айқындалсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 135-ө өкіміне
қосымша

Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры

      Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

      Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

      Жамбыл облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

      Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

      Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

      Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

      Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары

      Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелері (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының активтерді басқару дирекциясы энергетика секторының басшысы (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының холдингтің стратегиясы және корпоративтік даму департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау департаментінің директоры – басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы – жүк тасымалы" акционерлік қоғамының техникалық саясат жөніндегі атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының бас инженері – техникалық саясат департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы стратегия, GR және корпоративтік даму департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы жобалар портфелін басқару департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы стратегиялық жоспарлау және бизнесті дамыту департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының бас инженері (келісу бойынша)

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының холдингтің жиынтық талдау және стратегиялық даму басқармасының бастығы (келісу бойынша)

      "KAZLOGISTICS" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Кеме ұстаушылар және теңіз индустрияның кәсіпкерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Автокөлікшілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігі директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "Кеме ұстаушылар және теңіз индустрияның кәсіпкерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Кеме ұстаушылар және теңіз индустрияның кәсіпкерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі атқарушы директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы" коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Көлік және байланыс ғылыми-зерттеу және жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми-зерттеу кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Көлік және байланыс ғылыми-зерттеу және жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты хатшысы (келісу бойынша)

      "KAZAUTOCERT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық ұлттық кәсіби инженерлер мен консультанттар қауымдастығының" институционалдық даму бойынша директоры (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады