Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 193-ө өкімі

      Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындықты және оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      2. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру жөніндегі өңірлік комиссияларды құрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      4 Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 17 қазандағы
№ 133-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының департамент директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады