2020 жылғы 28-31 мамыр кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында "KADEX-2020" алтыншы халықаралық қару-жарақ пен технологиялар көрмесін (бұдан әрі – көрме) өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі:
1) белгіленген тәртіппен 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат шегінде көрме өткізуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қару-жарақты және әскери техниканы статикалық, демонстрациялық көрсету өткізуді ұйымдастырсын;
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ұшу аппараттарының ұшуларын еткізуді ұйымдастырсын;
4) нақты уақыт режимінде көрнекі ақпарат беру үшін қажетті жабдықты қарастырсын;
5) көрме аумағында Wi-fi (Вай-фай) байланысын еркін пайдалану мүмкіндігімен интернет жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, көрме өткізу үшін қажетті 19132 әскери бөлімінің инфрақұрылымын дайындасын;
2) көрмені дайындау және өткізу күндері 19132 әскери бөлімі аумағына күзет ұйымдастырсын;
3) көрменің аумағына кіретін орындарда автомобильдерді өткізу үшін, олардың өткізу қабілетін қамтамасыз ететін қажетті бекеттер санын өрістетсін.
3. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі белгіленген тәртіппен:
1) 2020 жылғы 28-31 мамыр кезеңінде көрмені өткізу орнына дейін қоғамдық көліктердің қосымша бағдарларын енгізуді;
2) көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ақылы қоғамдық тамақтануды және ұлттық кәдесыйлар сатуды ұйымдастыруды;
3) көрермендер үшін 2000 отырғызу орнына арналған трибуналарды;
4) жалпы ұзындығы 3000 метр болатын тасымалданатын турникеттерді;
5) көрмені дайындау және өткізу барысында санитариялық-эпидемиологиялық, дезинсекциялық іс-шараларды орындауды;
6) мобильді медициналық бекеттердің қажетті санын өрістете отырып, көрмені медициналық сүйемелдеуді;
7) көрме аумағында мәдени-демалыс іс-шараларын өткізуді ұйымдастыруды;
8) валюта айырбастау пункттерін өрістетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған тізімге сәйкес ресми делегацияларға кермеге шақыру хаттарын жолдасын, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктеріне алдағы көрме туралы хабарласын;
2) көрмені Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің ақпараттық ресурстарында жариялауды ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен делегация басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағына ұшып келуін және одан ұшып кетуін, үстінен ұшып өтуін, ресми делегациялардың "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының VIP-залы арқылы өтуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көрмені бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялауды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, келушілер үшін көрме аумағына кіретін орында өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтармен жарақталған өткізу бекеттерінің қажетті санымен өрістетсін;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті және көрменің периметрі бойынша аумақты күзетуді қамтамасыз етсін;
3) көрме аумағының және іргелес аумақтардың оның өткізілуі кезеңінде өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
8. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В.Склярға жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |