"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қаңтардағы № 9-ө өкімі

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы";

      көрсетілген өкімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.";

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы";

      "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      "Астана қаласы әкімінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары";

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады