1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;'
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;
3) құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 25-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің| кейбір шешімдеріне өзгерістер мені толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы ақпан | Қ.А. Өскенбаев |
2. | Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы операторды айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы ақпан | Қ.А. Өскенбаев |
3. | Күрделі жөндеуге кепілдік берудің мамандандырылған қорын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы ақпан | Қ.А. Өскенбаев |
4. | Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
5. | Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
6. | Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
7. | Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
8. | Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
9. | Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
10. | Коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
11. | Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй құрылыс кооперативі мүшелерінің пай| жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
12. | Көппәтерлі тұрғын үйдің мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
13. | Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
14. | Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
15. | Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
16. | Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тәртібін бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
17. | Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ ЦДИАӨМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
18. | Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
19. | Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
20. | Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Қ.А. Өскенбаев |
21. | Мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | А.Қ. Ержанов |
22. | Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекет меншігіндегі теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидро және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған құқық беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | А.Қ. Ержанов |
23. | Жер қойнауын пайдалану бойынша модельдік келісімшарттардың ережелерін бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | А.Қ. Ержанов |
24. | Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу және оның қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | А.Қ. Ержанов |
25. | Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілік нысандары және оны ұсыну мерзімін айқындау туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | А.Қ. Ержанов |
26. | Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | А.Қ. Ержанов |
27. | Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | бұйрық | ИИДМ | 2020 жылғы наурыз | Б.С. Камалиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.