"АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 64-ө өкімі

      "АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитеті және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 43-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен құрылған АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 64-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 43-ө өкіміне
қосымша

АИТВ инфекциясы мен туберкулез мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жөніндегі елдік үйлестіру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға

      "АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың қазақстандық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен Бағдарламасы офисінің директоры, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

      С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фтизиопульмонология кафедрасының профессоры (келісу бойынша)

      "ЖИТС-тен балаларды қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорының президенті

      "Санат әлемі" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша)

      "Answer" қоғамдық қоры жобасының үйлестірушісі (келісу бойынша)

      "Нұр-М" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі (келісу бойынша)

      "Қазақстандық туберкулезге қарсы күрес желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы

      АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер қауымдастығының өкілі (келісу бойынша)

      Қазақстандағы "Халықаралық бағдарламаларға арналған орталықтар" корпорациясы филиалының (ICAP) бас менеджері (келісу бойынша)

      "Орталық Азиядағы Жаһандық денсаулықты зерделеу орталығы" корпорациясы филиалының өңірлік директоры (келісу бойынша)

      Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі мен қылмыс басқармасының ұлттық үйлестірушісі (келісу бойынша)

      Орталық Азияда туберкулезге және АИТВ-ға қарсы күрес жөніндегі Centers for Disease Control and Prevention (CDC) бағдарламасының атқарушы директоры (келісу бойынша)

      Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) туберкулез бойынша өңірлік кеңесшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы "Денсаулық үшін серіктестер" (Partners in Health) үкіметтік емес ұйымы өкілдігінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы "Адам – адамға" Инк денсаулық сақтау қоры (ХОУП жобасы) өкілдігінің туберкулез және мониторинг және бағалау жөніндегі үйлестірушісі (келісу бойынша)

      халықтың осал топтарының өкілі (келісу бойынша)

      халықтың осал топтарының өкілі (келісу бойынша)

      халықтың осал топтарының өкілі (келісу бойынша)

      әлеуметтік мәні бар аурумен ауырған азамат (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады