Су ресурстарын басқарудың 2020 - 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 66-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Су ресурстарын басқарудың 2020 - 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Су ресурстарын басқарудың 2020 - 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу мерзімі 2020 жылғы 30 маусым болып айқындалсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы
№ 66-ө өкіміне
қосымша

Су ресурстарын басқарудың 2020 - 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісу бойынша)

      Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының директоры (келісу бойынша)

      "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша)

      халықаралық ұйымдар мен институттардың сарапшылары (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы, Дүниежүзілік банк) (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады