Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 112-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 17 тамыздағы
№ 112-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған
ЖОЛ КАРТАСЫ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1. Мүгедектік профилактикасы және ерте түзету-дамыту көмегі жүйесін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар

1.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы бұзылуды ерте анықтау және ерте түзету-дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу мониторингін қамтамасыз ету

ақпарат

ДСМ, БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді

2.

"Скринингті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығының іске асырылу мониторингін қамтамасыз ету

ақпарат

ДСМ, БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді

3.

Өңірлік психикалық денсаулық орталықтарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің күндізгі стационарларының, медициналық-әлеуметтік мекемелер жанындағы күндіз болу орталықтарының жұмыс істеу мониторингін қамтамасыз ету

ақпарат

ДСМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді

4.

Балалардың психикалық денсаулығын сақтау қызметінің, МӘМ-нің, МӘМ жанындағы күндіз болу орталықтарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу

талдау

ДСМ, Еңбекмині, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жыл

талап етілмейді

5.

Балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жобалық офис құру мәселесін пысықтау

ақпарат

БҒМ, Еңбекмині, ДСМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

6.

Балаларда профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексерулер жүргізу кезінде дамуында бұзылуларды қамтуды және ерте анықтауды қамтамасыз ету

есеп

ЖАО

жыл сайын

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

7.

"Скринингті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына аудиологиялық, психофизикалық скринингтерді қайта қарау, тұқым қуалайтын алмасу ауруларына жаңа туған нәрестелердің постнаталды селективті скринингін енгізу, дамуы бұзылған, кенжелеп қалған және кенжелеп қалуы ықтимал балалар бойынша МСАК пен ПМПК сабақтастығын, ПМПК-ге деректерді ұсыну кезектілігі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

ДСМ, БҒМ, ЖАО

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

8.

Аудиологиялық скрининг нәтижелерін мониторингтеу және сүйемелдеу орталығын (Трекинг орталық) құру мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

9.

Босандыру ұйымдарын және МСАК-ты аудиологиялық және психофизикалық скринингтерді жүргізуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету

қабылдап алу-беру актілері

ЖАО

жыл сайын

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

10.

Жұмыс істеп тұрған баланы дамыту кабинеттерінің қызметіне талдау жүргізу

талдау

ДСМ, ЖАО

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 қаңтардағы № 1027 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес баланы дамыту кабинетінің жұмысын қамтамасыз ету

ақпарат

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді

12.

"Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 қаңтардағы № 1027 бұйрығына баланы дамыту кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру, баланы дамыту кабинеті мамандарының функционалдық міндеттері, сәбилер үшін аутизмге түрлендірілген скринингтік тест (The Modified Checklistfor Autismin Toddlers) енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу
(M-CHAT); Robins, Fein, Barton, 1999)

бұйрық

ДСМ

2021 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

13.

"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені пысықтау

ұсыныстар

ДСМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

14.

Ақыл-ой кемістігімен және стереотиптік қозғалыстармен ұштасатын "Балалар аутизмі", "Аспергер синдромы", "Атиптік аутизм", "Гиперактивтік бұзылулар", "Басталуы балаларға тән эмоционалдық бұзылулар" клиникалық хаттамаларын әзірлеу және бекіту

клиникалық хаттама

ДСМ

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

15.

"Психологиялық дамудың жалпы бұзылуы" (АХЖ 10 бойынша F-84) нозологиясы бойынша балалардағы алғашқы сырқаттанушылыққа талдау жүргізу (2008 – 2019 жылдар), ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу

талдау

ДСМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

2.Оңалту қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

16.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ведомствоаралық өзара іс-қимыл бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар

Еңбекмині, БҒМ, ДСМ

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

17.

"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу орнын ұйымдастыру үшін кеңістікте дамыту ортасын құру жөніндегі жабдықтармен, жеке орнын толтырушы, қосалқы, техникалық құралдармен қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

БҒМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

18.

Пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінде көрсетілген мультидисциплиналық топтың қорытындысы негізінде балаларға техникалық оңалту құралдарын беру тәртібі бойынша ұсыныстар беру

ұсыныстар

ДСМ, БҒМ, Еңбекмині

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

19.

МӘМС шеңберінде уақтылы ауыстыруды қоса алғанда, есту протезін салу, оның ішінде есту аппараттарымен сөйлеу (аудио) процессорларымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

20.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ресімдеу кезінде ПМПК қорытындысын ұсыну қажеттілігі мәселесін пысықтау

ұсыныстар

Еңбекмині, БҒМ

2021 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

21.

Дәрігердің және арнайы педагогтердің ұсынымдарын орындамағаны үшін ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің ортақ жауапкершілігі мәселесін пысықтау

ұсыныстар

БҒМ, Еңбекмині, ДСМ

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

22.

Өмір бойы үздіксіз сүйемелдеу үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың бірыңғай қазақстандық тіркелімін құру, енгізу мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ, Еңбекмині, БҒМ

2021 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

23.

Арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, республикалық орталықтар, арнайы мектептер, балабақшалар), денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау оңалту орталықтарының желісін кеңейту жоспарын әзірлеу және бекіту

жоспар

БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

24.

Халықтың қажеттілігі мен тығыздығына қарай ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған медициналық, әлеуметтік-педагогикалық оңалту, психологиялық және медициналық-педагогикалық консультациялар орталықтарын (бөлімшелерін) кезең-кезеңмен ашуды қамтамасыз ету

ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

25.

"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарын, сондай-ақ күндіз және тәулік бойы болу орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету

қабылдап алу-беру актілері

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

26.

Жарақтандыру нормативіне сәйкес балаларды оңалту орталықтарын, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту бөлімшелерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету

қабылдап алу-беру актілері

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

27.7.

Қажетті жабдықтармен жабдықталған, оның ішінде есту функциясын терең зерттеп-қарау үшін сурдолог дәрігерлермен қамтамасыз етілген денсаулық сақтау ұйымдарының базасында сурдологиялық кабинеттер ашуды қамтамасыз ету

ақпарат

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

28.

ТМККК және МӘМС шеңберінде сурдологиялық зерттеп-қарау және есту-протездеу қызметтерін көрсету бойынша тарифтерге өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

29.

Естудің нашарлығы деңгейін ескере отырып, АХЖ 10 коды бойынша нозологияларды ақпараттық жүйеге енгізу мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ

2021 жылғы 3-тоқсан

талап етілмейді

30.

Халықтық әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын қайта қарау

ұсыныстар

Еңбекмині, ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

31.

Өңірге, ұйымдардың меншік нысанына қарамастан нозология мен санатқа сәйкес: 1) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар; 2) психоневрологиялық бұзылуы бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру нормативін енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

32.

Алматы қаласында "Орталық нерв жүйесі зақымданған тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде оларды оңалту" тақырыбы бойынша пилоттық жоба енгізу

есеп

Алматы қаласының әкімдігі

2021 жылдың 2-жартыжылдығы, 2022 жылғы желтоқсан

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

33.

Жұмыс істеудің халықаралық сыныптамасын енгізу жолымен оңалту қызметін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету

ақпарат

ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жыл

талап етілмейді

34.

Жұмыс тобын құру және мүмкіндігі шектеулі балалардың медициналық, оңалту, әлеуметтік көмек және білім беру қызметтерін алу құқықтарының сақталу мониторингін жүргізу

ақпарат

ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жыл

талап етілмейді

3.Есепке алу және арнайы техникалық құралдармен, дәрілік және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар

35.

Церебралды сал ауруы бар және есту, көру қабілеті бұзылған науқастарды есепке алу бойынша ДСМ ақпараттық жүйелерін пысықтау

ақпарат

ДСМ

2021 жыл

талап етілмейді

36.

Буллезді эпидермолизбен ауыратын балаларды медициналық бұйымдармен (таңу материалымен) қамтамасыз ету

ДСМ-ге ақпарат

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

37.

Целиакиямен ауыратын балаларды глютенсіз арнайы емдеу өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

ДСМ-ге ұсыныстар

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

38.

Аурулардың барлық түрлері бойынша, оның ішінде орфандық аурулар бойынша балаларды амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін кеңейту мәселесін пысықтау

ақпарат

ДСМ, ҮЕҰ (келісу бойынша)

жыл сайын

ТМККК және МӘМС шеңберінде

39.

Операциядан кейінгі кезеңде көмей стенозымен ауыратын балаларды шығыс материалдарымен қамтамасыз ету

ақпарат

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

жыл сайын

ЖБ бөлінген қаражат шеңберінде

40.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес өңірлер бөлінісінде қамтамасыз етілу мониторингін жүргізе отырып, церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету

ақпарат

ЖАО

жыл сайын

РБ бөлінген қаражаты шеңберінде

4.Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар

41.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін арнайы білімі (дефектология) жоқ педагогтерді арнайы педагогика бойынша қайта даярлау мәселесін пысықтау

ұсыныстар

БҒМ

2021 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

42.

Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мамандар (пән мұғалімдері, педагог ассистенттері, әлеуметтік педагог, психолог) үшін біліктілік талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ұсыныстар

БҒМ, ДСМ, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы 4-тоқсан

талап етілмейді

43.

МСАК басшыларын, мамандарын баланы дамыту кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру және ұстау мәселелері бойынша оқыту

есеп

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

44.

Сурдолог дәрігерлердің есту қызметін диагностикалау әдістеріне біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету. Оториноларинголог дәрігерлерді, сурдологтарды (аудиологтарды) қайта даярлау

есеп

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

45.

МСАК медициналық ұйымдарында мультидисциплиналық команда құру үшін МСАК дәрігерлерін (ЖПД, педиатр, балалар неврологы, офтальмолог, хирург, оториноларинголог, кардиолог, орта медициналық персонал) орфандық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқыту: буллезді эпидермолиз, мукополисахаридоз, жетілмеген остеогенез, муковисцидоз, Крон ауруы, Дюшенннің бұлшықет дистрофиясы, жұлын бұлшықет атрофиясы, сфинголипидоздар, GLUT1, целиакия

есеп

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

46.

Стационар дәрігерлерін (балалар офтальмологын) ретинопатиясы бар балаларды диагностикалау мен емдеуді жетілдіру мәселелеріне үйрету

есеп

ЖАО

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражат шеңберінде

47.

Баланы дамыту кабинеті, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, арнайы білім беру мекемелері (балабақшалар мен мектептер) деңгейінде ата-аналарды оқыту бағдарламаларын (CST-Caregiver Skills Training) енгізу мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ, БҒМ, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 жыл

талап етілмейді

48.

МСАК мамандарын (ЖПД, педиатрлар, балалар невропатологтары, баланы дамыту кабинеттерінің мейіргерлері, психиатр дәрігерлер, психотерапевтер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер) "Балалардағы аутизм белгілерін ерте анықтау мәселелері. Диагностикалық скрининг" тақырыбы бойынша оқыту

есеп

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

49.

Даму ерекшеліктері бар балаларға төзімділікті қалыптастыру мақсатында барлық медициналық ұйымдарда аутизм мәселесі, АСБ-мен ауыратын балалардың мінез-құлық ерекшеліктері туралы халықты жаппай хабардар ету бойынша іс-шаралар ұйымдастыру (буклеттер, брошюралар, парақшалар)

ақпарат

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

50.

АСБ бойынша мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандарды (балалар психиатры, сурдолог, бейімделген дене шынықтыру жөніндегі маман, дәрігер-кинезиолог, әлеуметтік қызметкер) оқыту мәселесін пысықтау

ұсыныстар

ДСМ, БҒМ, ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2022 жылғы 1-тоқсан

талап етілмейді

51.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың барлық мамандарын, әлеуметтік қызметкерлерді, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оңалту орталықтарында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандарды жұмыс істеудің халықаралық сыныптамасының өлшемшарттарын және GMFCS бағалау бойынша оқыту мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, ЖАО

2022 жылғы 2-тоқсан

талап етілмейді

52.

Балаларды диагностикалау және емдеу мәселелері, импорт алмастыратын операциялар, аурулардың әртүрлі спектрлері(кардиохирургия, травматология, нейрохирургия, трансплантология, оторинолорингология, офтальмология) бойынша әдістер мен технологиялар бойынша оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын, конференциялар өткізуді қамтамасыз ету

семинар, шеберлік сыныптары, конференция

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

53.

Мамандарды церебралды сал ауруы және нервтік-психикалық аурулары бар балаларды оңалтудың қазіргі заманғы тәсілдері мәселелері бойынша оқыту

есеп

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

54.

МСАК медицина қызметкерлерін (ЖПД, педиатр, хирург және орта медициналық персонал) көмей стенозымен ауыратын балаларды диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша оқыту

есеп

ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

55.

Өңірлерде жұмысқа орналастыру үшін "Офтальмология, оның ішінде балалар офтальмологиясы" мамандығы бойынша резидентура мамандарын өткізу мәселесін қарау

ұсыныстар

ДСМ, ЖАО, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2022 жылғы 1-тоқсан

ЖБ бөлінген қаражаты шеңберінде

5. Глютенсіз тамақ өнімдерін енгізу жөніндегі іс-шаралар

56.

Қазақстан Республикасында глютенсіз тамақ өнімдерін өндіруді ұйымдастыру мәселесін пысықтау

ДСМ-ге ақпарат
 

АШМ, ЖАО, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ келісу бойынша)

2021 – 2023 жылдар

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АСБ – аутистік спектрдің бұзылуы;

      АХЖ – аурулардың халықаралық жіктемесі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ЖПД – жалпы практика дәрігері;

      МӘМ – медициналық-әлеуметтік мекемелер;

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек;

      ПМПК – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;

      РБ – республикалық бюджет;

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар;

      "Kazakh Invest" ҰК" АҚ – "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады