"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № 115-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) хабардар етсін.

      3. Жергілікті өкілді (келісу бойынша) және атқарушы органдар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Агенттікті хабардар етсін.

      4. Агенттік (келісу бойынша) ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 19 тамыздағы
№ 115-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІА (келісу бойынша)

2020 жылғы тамыз

М.Е. Дәуешов

2.

Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІА (келісу бойынша)

2020 жылғы тамыз

М.Е. Дәуешов

3.

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2020 жылғы тамыз

Е.А. Алпысов

4.

"Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІА (келісу бойынша)

2020 жылғы тамыз

М.Е. Дәуешов

5.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы

МҚІА (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

М.Е. Дәуешов

6.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы қыркүйек

Е.А. Алпысов

7.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2020 жылғы қыркүйек

А.Е. Оспанов

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады