2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 128-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді белгіленген тәртіппен қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін хабардар етсін.

      3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі - Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді Кодекске сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жүргізсін.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 128-ө өкімімен
бекітілген

2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

б

1.

Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

2.

Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

3.

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

4.

Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ, ҰҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы мамыр

Ө.С. Бисақаев

5.

Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)

2021 жылғы мамыр

М.М. Ахметжанов

6.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

7.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

8.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

9.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

10.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

11.

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы мамыр

А.А. Шайымова

12.

Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференц-байланыс немесе бейнежолданым арқылы жолданым беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2021 жылғы мамыр

А.Е. Оспанов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады