2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі комиссия (бұдан əрі –Комиссия) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
3. Комиссияның жұмыс органы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын әзірлесін және 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 142-ө өкіміне қосымша |
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде арнайы комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қостанай облысының әкімі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
Атырау облысы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
"Nur Otan" партиясының хатшысы (келісу бойынша)
"Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
"А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
"М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша)
"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)
"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)
"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)
"Қазақстан жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
Базарбаева Зейнеп Мүслімқызы – "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша)
Ісмақова Айгүл Серікқызы – "М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісу бойынша)
Ермұхамед Маралбек – "А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғылыми қызметкері, PhD докторанты (келісу бойынша)
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы – "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы "Айтылған тарих" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша)
Қамзабекұлы Дихан – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісу бойынша)
Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы "Отырар" кітапханасы" ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісу бойынша)
Tілешов Ербол Ерденбекұлы – "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)
Имаханбет Райхан Сахыбекқызы – "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Тіл құрал" оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша).