Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 146-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Шаралар кешенінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын жарты жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жарты жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы екімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарына жүктелсін.


      5. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ 146-ө өкімімен бекітілген

Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені

Р/с

Іс-шараның атауы

Орындауға жауаптылар

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес жол жүру тарифтерін қайта қарау

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

әкімдіктің қаулысы

2020-2021 жылдар

талап етілмейді

2.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

мәслихат шешімі

2020 - 2023 жылдар

талап етілмейді

3.

Барлық әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялаудың қажетті көлемін айқындау

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

әкімдіктің каулысы

2020 - 2023 жылдар

талап етілмейді

4.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды толық субсидиялау үшін қаражат бөлуді қамтамасыз ету

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

мәслихат шешімі

2020 - 2023 жылдар

жергілікті бюджет

5.

Автобустардың қозғалыс схемалары мен кестелерін өзектендіруді қоса алғанда, қалалық маршрут желілерін оңтайландыруды жүргізу

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

ИИДМ-ге ақпарат

2020 - 2023 жылдар

жергілікті бюджет

6.

Қалалық маршруттарға қызмет көрсететін және газ-моторлық отынмен жұмыс істейтін немесе электр қозғалтқышы бар автобустар үшін кәдеге жарату алымының коэффициентін төмендету

ЭГТРМ, ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №762 бұйрығына өзгерістер енгізу

2020-2021 жылдар

талап етілмейді

7.

Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қалалық маршруттарда жолаушылардың жол ақысын электрондық төлеу жүйесін енгізу

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

Пайдалануға қабылдау актісі

2020-2021 жылдар

жергілікті бюджет

8.

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:
- әлеуметтік маңызы бар қалалык (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастардың тізбесін айқындау бөлігінде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының құзыретін;
жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау бойынша жауаптылығын;
- қалалық маршруттардағы автобустарға, олардың халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі мәселесі бойынша қойылатын талаптарды;
- жол акысын төлеу бойынша карточкаларды толтыру және беру үшін терминалдың қажетті санын қамтамасыз ету бойынша талаптарды;
электрондық билеттендіру жүйелері операторларының жауаптылығы мен міндеттемесін;
- электрондық билеттендіру жүйелеріне (бағдарламалық қамтылымдарға) қойылатын негізгі талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ИИДМ, ҰЭМ, Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері "Атамекен" ҮКП (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2021 -2022 жылдар

талап етілмейді

9.

Әкімшілік-аумақтык бірлік шегінде қалалық маршруттарға қызмет көрсететін автобустарды диспетчерлік сүйемелдеудің бірыңғай электрондық жүйесін құру

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

пайдалануға қабылдау актісі

2020-2021 жылдар

жергілікті бюджет

10.

Мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруға тыйым салуды белгілеу мәселесін пысықтау

ИИДМ,ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

БҚДА-ға ұсыныс (келісу бойынша)

2020-2021 жылдар

талап етілмейді

11.

Мемлекет қатысатын жаңа автобус кәсіпорындары үшін "автобус тасымалын" қоспағанда, акцияларының 50 % астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру

БҚДА (келісу бойынша), ИИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу

2020-2021 жылдар

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ИИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      БКДА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
      "Атамекен" ҰКП - "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады