"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы:
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы немесе "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша).".
Премьер-Министр | А.Мамин |