1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр A. Мамин
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с №
|
Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы
|
Aктінің нысаны
|
Орындалуы на жауапты мемлекеттік орган
|
Орындау мерзімі
|
Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
«Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
бұйрық
|
ІІМ
|
2021 жылғы наурыз
|
М.Ш. Қожаев
|
2.
|
«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
|
бұйрық
|
ІІМ
|
2021 жылғы наурыз
|
М.Ш. Қожаев
|
3.
|
«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
Бірлескен бұйрық
|
ІІМ ҰЭМ
|
2021 жылғы наурыз
|
М.Ш. Қожаев
|
4.
|
«Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындагы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
бұйрық
|
ІІМ
|
2021 жылғы наурыз
|
М.Ш. Қожаев
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі