1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекет тік орган | Орындалу мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | Н.М. Дәуешов, С.Ж. Мұсайбеков | |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | Н.М. Дәуешов | |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | Н.М. Дәуешов | |
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | Н.М. Дәуешов | |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | Н.М. Дәуешов | |
Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | С.Ж. Мұсайбеков | |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | С.Ж. Мұсайбеков | |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | С.Ж. Мұсайбеков | |
Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | С.Ж. Мұсайбеков | |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2021 жылғы ақпан | С.Ж. Мұсайбеков |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі