Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында кезекшілікті ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 58-ө өкімі

Елді мекендердің, экономика объектілерінің, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның тыныс-тіршілігін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлерде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға жедел ден қою, орталық атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары: 2021 жылғы 21 наурызда Е.Л. Тоғжановтың, 2021 жылғы 23 наурызда Р.В. Склярдың, 2021 жылғы 24 наурызда М.Б. Тілеубердінің, 2021 жылғы 22 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары A.С. Биахметовтің кезекшілігі ұйымдастырылсын.
2. Aуыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Экология, геология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің бірінші басшылары 2021 жылғы 21 - 24 наурызда:
1) жауапты қызметкерлердің тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі жергілікті штабтармен, елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін өңірлік ұйымдардың басшыларымен және диспетчерлік қызметтерімен байланыс орнатсын;
3) шұғыл жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына (7172) 74-56-82 телефоны, 74-53-70 факсы бойынша жедел ахуалды бірден баяндасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Премьер-Минист        A. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады