"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамын жаңғырту жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 101-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамын жаңғырту жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

      2. Жол картасының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Министрлік жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      4. Осы өкімнің орындалуына бақылау Министрлікке жүктелсін.

      Премьер-Министр А.Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 4 маусымдаға
№ 101-ө өкімімен бекітілген

"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамын жаңғырту жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған жол картасы

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

Бірінші кезең.
Жобалау құжаттарын әзірлеу және сараптамалардан өту

1.

Техникалық жарақтандыру және көлік сатып алу жөніндегі ҚЭН-ді ҰЭМ-ге енгізу

ҚЭН

МСМ

2021 жылғы наурыз

Талап етілмейді

-

2.

Техникалық жарақтандыру және көлік сатып алу жөніндегі ҚЭН-ді ҰЭМ-де қарау

Экономикалық қорытынды

ҰЭМ, "ҚМ ЖӘО" АҚ (келісу бойынша)

2021 жылғы 10 мамыр

Талап етілмейді

-

3.

"Қазақфильм " АҚ аумағында инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялауға және қоймаларды (ангарларды) сатып алуға ТЭН әзірлеу

ТЭН

МСМ

2021 жылғы наурыз

3,2 млрд теңге

бюджеттен тыс қаражат

4.

"Қазақфильм " АҚ аумағында инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялауға және қоймаларды (ангарларды) сатып алуға МИҰ-ны әзірлеу және ҰЭМ-ге енгізу

МИҰ

МСМ

2021 жылғы наурыз

3,2 млрд теңге

бюджеттен тыс қаражат

5.

"Қазақфильм " АҚ аумағында инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялауға және қоймаларды (ангарларды) сатып алуға МИҰ-ны ҰЭМ-де қарау

Экономикалық қорытынды

ҰЭМ

2021 жылғы сәуір

талап етілмейді

-

6.

"Қазақфильм " АҚ аумағында инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялауға және қоймаларды (ангарларды) сатып алуға ҚЭН-ді әзірлеу

ҚЭН

МСМ

2021 жылғы мамыр

3,2 млрд теңге

бюджеттен тыс қаражат

7.

"Қазақфильм " АҚ аумағында инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялауға және қоймаларды (ангарларды) сатып алуға ҚЭН-ді ҰЭМ-де қарау

Экономикалық қорытынды

ҰЭМ, "ҚМ ЖӘО" АҚ (келісу бойынша)

2021 жылғы маусым

талап етілмейді

-

8.

"Қазақфильм " АҚ аумағында инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялауға және қоймаларды (ангарларды) сатып алуға ЖСҚ-ны әзірлеу

ЖСҚ

МСМ

2021 жылғы шілде

3,2 млрд теңге

бюджеттен тыс қаражат

Екінші кезең.
Практикалық жұмыс жүргізу

9.

Техникалық жарақтандыру және мамандандырылған автокөлікті сатып aлy бойынша жұмыс жүргізу

орындалған жұмыстардың актісі

МСМ

2021 жыл

5,9 млрд теңге*

РБ

2022 жыл

0,9 млрд тенге*

2023 жыл

0,4 млрд тенге*

10.

"Қазақфильм " АҚ аумағындағы инженерлік желілерді, ғимараттарды реконструкциялау және қоймаларды (ангарларды) сатып алу

орындалған жұмыстардың актісі

МСМ

2021 жыл

2,0 млрд теңге*

РБ

2022 жыл

1,2 млрд теңге*

11.

Қазақфильм" АҚ-ның жаңғыртылған киностудияның таныстырылымы

таныстырылым

МСМ

2023 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

-

      *Қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСҚ - жобалау-сметалық құжаттама

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      "ҚМЖӘО" АҚ - "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы

      ҚЭН - қаржы-экономикалық негіздеме

      МИҰ - мемлекеттік инвестициялық ұсыныс

      РБ - республикалық бюджет

      ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме

      "Қазақфильм" АҚ — "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады