1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының, кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының, Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А.Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 111-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Қүқықтык актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы телеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині, Қаржымині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), СЖҚІҚА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша) | 2021 жылғы тамыз | А.Х. Әмірғалиев |
2 | "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2021 жылғы тамыз | А.Х. Әмірғалиев |
3 | "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазакстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині, МСМ | 2021 жылғы тамыз | А.Х. Әмірғалиев |
4 | "Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2021 жылғы тамыз | А.Х. Өмірғалиев |
5 | "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2021 жылғы тамыз | А.Х. Әмірғалиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
СЖҚІКД - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі