"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 111-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының, кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының, Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А.Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 16 маусымдағы
№ 111-ө өкімімен бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Қүқықтык актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

"Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы телеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині, Қаржымині, ІІМ, БП (келісу бойынша), ЖС (келісу бойынша), СЖҚІҚА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы тамыз

А.Х. Әмірғалиев

2

"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2021 жылғы тамыз

А.Х. Әмірғалиев

3

"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазакстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині, МСМ

2021 жылғы тамыз

А.Х. Әмірғалиев

4

"Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2021 жылғы тамыз

А.Х. Өмірғалиев

5

"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2021 жылғы тамыз

А.Х. Әмірғалиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      СЖҚІКД - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады