Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 137-ө өкімі.

      Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің 2021 жылғы 18 – 19 тамыз аралығында Қазақстан Республикасына Нұр-Сұлтан қаласына сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) осы өкімге қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясының ресми делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2021 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы, 028 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының 100 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерінің Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде), тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында қонуын және ұшып шығуын (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде);

      2) Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде) арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды;

      3) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде), Ресей Федерациясы ресми делегациясының Қарағанды қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін жол жүруін қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығымен (келісу бойынша) бірлесіп, ресми делегация мүшелеріне "сол күні" нәтижесі шығатын ПТР тестілеу өткізуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда ресми делегацияның басшылары мен мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің атынан Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.

      8. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Ресей Федерациясының ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      9. Қарағанды облысының әкімдігі (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде) Ресей Федерациясының ресми делегациясын Қарағанды қаласында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.

      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустинді ресми қарсы алу және шығарып салу, Нұр-Сұлтан қаласында құрметті қарауылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатыссын.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясының ресми делегациясын Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде) қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

      12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 14 тамыздағы
№ 137-ө өкіміне
қосымша

Ресей Федерациясы делегациясының басшысы мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. 2021 жылғы 17 – 20 тамыз аралығында Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерін ("1+5" форматы немесе өзаралық қағидаты бойынша) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақ үйге орналастыру.

      2. Баспа өнiмдерін (бейдждер, сапар бағдарламасы, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар және т.б.) дайындау.

      3. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.

      4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың атынан және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің атынан Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы М.В. Мишустиннің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.

      5. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.

      6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру.

      7. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне 2021 жылғы 17 – 20 тамыз аралығында көліктік қызмет көрсету.

      8. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.

      9. Өткізілетін іс-шаралардың стенографиялық жазбасын қамтамасыз ету.

      10. Шағын және кеңейтілген форматтарда келіссөздер өткізу үшін залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады