Қазақстан Республикасының "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 141-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе, заңдар) бекітілсін.

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша) 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдарды іске асыру мақсатында ішкі құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы 2021 жылғы 13 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін;

      3) осы өкімнің 2-тармағын іске асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы 2022 жылғы 28 ақпанға дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 141-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

2.

Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

3.

Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарын және электрондық сатып алу ақпараттық жүйелерінің операторларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

4.

Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

5.

Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласындағы тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

6.

Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

7.

Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшартты жасасу және орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

8.

Қорды және Қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2022 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

9.

Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2022 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл

10.

"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы қараша

Д.М. Кеңбейіл


      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады