2022 жылғы 11-13 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы жабық кешендегі жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатына (бұдан әрі – Азия чемпионаты) сапалы дайындалуды және оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Азия чемпионатына дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылсын.
2. Ұйымдастыру комитеті Азия чемпионатына жоғары деңгейде дайындалу мен оны өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министріне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 153-ө өкіміне қосымша |
2022 жылғы 11-13 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы жабық кешендегі жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатына дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясының президенті, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас директоры (келісу бойынша)
"Нұр-Сұлтан олимпиадалық дайындық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)