Еуропалық одақтың шекаралық көміртегі салығының Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторына әсерін бағалау, экспорттық көміртегі бажын енгізу, Карбон қорын құру және Шығарындылар саудасы жүйесін қатаңдату мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 183-ө өкімі.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Еуропалық одақтың шекаралық көміртегі салығының Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторына әсерін бағалау, экспорттық көміртегі бажын енгізу, Карбон қорын құру және Шығарындылар саудасы жүйесін қатаңдату мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуропалық одақтың шекаралық көміртегі салығының Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторына әсерін бағалау жөніндегі талдауды, экспорттық көміртегі бажын енгізу, Карбон қорын құру және Шығарындылар саудасы жүйесін қатаңдату жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 183-ө өкіміне
қосымша

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы Жасыл қаржы орталығының бас директоры (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Жасыл Даму" акционерлік қоғамы шығарындылар саудасы жүйесі департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Жасыл академия" ғылыми-білім беру орталығының директоры (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі тең басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "ECOJER" қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "QAZCEM" цемент және бетон өндірушілердің қазақстандық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығы" өзін-өзі реттеу ұйымының атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Тұрақты дамуға арналған қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы өкілдігінің тұрақты өкілі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасындағы "ТотальЭнерджис" басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілі (келісу бойынша)

      "Каспий" тауар биржасы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      EY әріптесі, Орталық Азиядағы, Кавказдағы және Украинадағы тұрақты даму жөніндегі қызметтер практикасының жетекшісі (келісу бойынша)

      Еуропа Қайта құру және Даму банкінің жасыл экономика және климаттық іс-қимыл департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Еуропа Қайта құру және Даму банкінің "жасыл" жобалар жөніндегі жетекші банкирі (келісу бойынша)

      Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің саясат, баспасөз және ақпарат бөлімінің басшысы (келісу бойынша)

      Еуропалық Одағының Қазақстандағы Өкілдігінің коммуникациялар жөніндегі офицері (келісу бойынша)

      Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі жобасының офицері (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады