"Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 195-ө өкімі

      "Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары" (келісім бойынша)".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады