Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 10-ө өкімі.

      Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі (бұдан әрі - Жобалық офис) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Жобалық офистің құрамы;

      2) Жобалық офис туралы ереже бекітілсін.

      3. Мемлекеттік органдар осы өкімді іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 21.02.2023 № 33-ө өкімімен.

1.

Қасымов Сабыр Ахметжанұлы

"Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының президенті, Жобалық офис жетекшісі (келісу бойынша)

2.

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Жобалық офис жетекшісінің орынбасары (келісу бойынша)

3.

Жақыпов Мирболат Хабиұлы

"Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

4.

Исаева Светлана Нұрханқызы

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

5.

Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

6.

Сейітқасымова Индира Нұрділдіқызы

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің Қылмыстық саясат және криминология проблемаларын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

7.

Хан Виталий Вячеславович

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы" мемлекеттік мекемесінің арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

8.

Шапақ Унзила Шапаққызы

"M.S. Narikbaev atyndaģy KAZGUU Universiteti" акционерлік қоғамының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісу бойынша)

9.

Шериязданов Бауыржан Рахымғалиұлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

     

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жобалық офисі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисі (бұдан әрі – Жобалық офис) "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында тұрақты орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұйымдық және үйлестіруші құрылым болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 05.08.2022 № 121-ө өкімімен.

      2. Жобалық офис өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Жобалық офистін негізгі міндеттері

      3. Жобалық офистің негізгі міндеті Мемлекеттік комиссия қызметінің ұйымдастырушылық, үйлестіру және әдіснамалық жұмысына жәрдем көрсету, кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысында сондай-ақ өңірлік комиссиялар мен олардың жұмыс топтарына ұйымдастырушылық-консультациялық көмек көрсету, өзге де ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Жобалық офис өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында мынадай функцияларды орындайды:

      Мемлекеттік комиссия отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем керсетеді;

      Мемлекеттік комиссияның отырысына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Мемлекеттік комиссияның төрағасына материалдар дайындайды;

      Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарының қызметін үйлестіреді, оларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетеді;

      мүдделі мемлекеттік органдармен, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-кимыл жасайды;

      Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарынан келіп түсетін материалдарды талдайды және қорытындылайды, нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі - Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды;

      Мемлекеттік комиссияның қызметіне байланысты өзге де мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 05.08.2022 № 121-ө өкімімен.

3-тарау. Жобалық офистің жұмысын ұйымдастыру

      5. Жобалық офис Жобалық офистің басшысынан, орынбасардан, ғалымдардан және қоғамдық бірлестік төрағасынан тұрады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 21.02.2023 № 33-ө өкімімен.

      6. Жобалық офистің басшысы:

      жұмысты ұйымдастырады және осы Ережеде Жобалық офиске жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

      жұмыс топтарының ұсыныстарын, ұсынымдары мен қорытындыларын тұжырымдаудың мемлекеттік тәсілін қамтамасыз етеді;

      өңірлік комиссиялардың ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіреді;

      қызметкерлердің лауазымдық және функционалдық міндеттерін айқындайды және бекітеді;

      Мемлекеттік комиссия мен оның органдарының жұмыс топтары қызметінің ағымдағы мәселелерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Мемлекеттік комиссияның төрағасына баяндайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 05.08.2022 № 121-ө өкімімен.

      7. Жобалық офис басшысының орынбасары Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын бақылайды, олардың өңірлік комиссиялардың бейінді жұмыс топтарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, Мемлекеттік комиссияның және өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарынан келіп түсетін материалдарды талдайды және қорытындылайды, жобалық офистен мемлекеттік органдарға, қоғамдық және өзге де ұйымдарға құжаттардың жобаларын дайындайды.

      8. Жобалық офис басшысының орынбасары Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіреді және бақылайды, Президент архивінде, Орталық мемлекеттік архивте және басқа архивтерінде жұмыс топтарына іздеу-зерттеу жұмыстарына жәрдем көрсетеді, Мемлекеттік комиссия сайтының сапалы толтырылуына және үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді, Жобалық офис басшысының тапсырмаларын орындайды.

Об утверждении Положении о Проектном офисе Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий и его состава

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 14 января 2022 года № 10-р.

      В целях обеспечения сопровождения деятельности Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий:

      1. Образовать Проектный офис Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий (далее - Проектный офис).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) состав Проектного офиса;

      2) Положение о Проектном офисе.

      3. Государственным органам принять необходимые меры по реализации настоящего распоряжения.

      Премьер-Министр А. Смаилов

  Утвержден
распоряжением Премьер-
Министра Республики Казахстан
от "14" января 2022 года
№ 10-р

Состав Проектного офиса Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий

      Сноска. Состав - в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.02.2023 № 33-р.

1.

Касымов Сабыр Ахметжанулы

президент республиканского общественного фонда "Каһармандар", руководитель Проектного офиса (по согласованию)

2.

Кабульдинов Зиябек Ермуханович

генеральный директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, заместитель руководителя Проектного офиса (по согласованию)

3.

Жакыпов Мирболат Хабиулы

председатель общественного объединения "Отраслевой профсоюз работников государственных, банковских учреждений и общественного обслуживания" (по согласованию)

4.

Исаева Светлана Нурхановна

председатель Совета ветеранов государственного учреждения "Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан", кандидат юридических наук (по согласованию)

5.

Козыбаева Махаббат Маликовна

ведущий научный сотрудник республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (по согласованию)

6.

Сейткасимова Индира Нурдильдиновна

главный научный сотрудник Центра исследования проблем уголовной политики и криминологии государственного учреждения "Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан" (по согласованию)

7.

Хан Виталий Вячеславович

профессор кафедры специальных юридических дисциплин государственного учреждения "Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан", кандидат юридических наук (по согласованию)

8.

Шапак Унзила Шапаковна

профессор акционерного общества "Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева", доктор юридических наук (по согласованию)

9.

Шериязданов Бауыржан Рахымгалиевич

старший научный сотрудник республиканского государственного учреждения "Институт истории государства" Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (по согласованию)


  Утверждено
распоряжением Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 14 января 2022 года № 10-р

Положение о Проектном офисе Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий

Глава 1. Общие положения

      1. Проектный офис Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий (далее – Проектный офис) является организационной и координирующей структурой, обеспечивающей сопровождение деятельности Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий (далее – Государственная комиссия), постоянно находящейся на базе некоммерческого акционерного общества "Казахстанский институт общественного развития".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 05.08.2022 № 121-р.

      2. Проектный офис в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, Указом Президента Республики Казахстан от 24 ноября 2020 года № 456 "О создании Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий", а также настоящим Положением.

Глава 2. Основные задачи Проектного офиса

      3. Основными задачами Проектного офиса являются оказание содействия в организационной, координирующей и методологической работе деятельности Государственной комиссии, подкомиссий и рабочих групп, а также оказание организационно-консультативной помощи региональным комиссиям и их рабочим группам, обеспечение иных организационных мероприятий.

      4. В целях решения возложенных на него задач Проектный офис выполняет следующие функции:

      оказывает содействие в организации и проведении заседаний Государственной комиссии;

      готовит материалы на заседание Государственной комиссии и Государственному советнику Республики Казахстан – председателю Государственной комиссии;

      координирует деятельность рабочих групп Государственной комиссии и региональных комиссий, оказывает им методологическую и консультативную помощь;

      взаимодействует с заинтересованными государственными органами, научными и неправительственными организациями;

      анализирует и обобщает поступающие от рабочих групп Государственной комиссии и региональных комиссий материалы, о результатах докладывает Государственному советнику Республики Казахстан – председателю Государственной комиссии;

      обеспечивает решение иных вопросов, связанных с деятельностью Государственной комиссии.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными распоряжением Премьер-Министра РК от 05.08.2022 № 121-р.

Глава 3. Организация деятельности Проектного офиса

      5. Проектный офис состоит из руководителя Проектного офиса, заместителя, ученых и председателя общественного объединения.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции распоряжения Премьер-Министра РК от 21.02.2023 № 33-р.

      6. Руководитель Проектного офиса организует работу и обеспечивает своевременное и качественное выполнение задач и функций, возложенных на Проектный офис настоящим Положением:

      обеспечивает государственный подход в выработке предложений, рекомендаций и заключений рабочих групп;

      координирует организационную работу региональных комиссий;

      определяет и утверждает должностные и функциональные обязанности сотрудников;

      докладывает Государственному советнику Республики Казахстан – председателю Государственной комиссии текущие вопросы деятельности Государственной комиссии и ее рабочих групп.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным распоряжением Премьер-Министра РК от 05.08.2022 № 121-р.

      7. Заместитель руководителя Проектного офиса взаимодействует с рабочими группами Государственной комиссии и контролирует их работу, обеспечивает их взаимодействие с профильными рабочими группами региональных комиссий, анализирует и обобщает поступающие от рабочих групп Государственной комиссии и региональных комиссий материалы, готовит проекты документов от Проектного офиса в государственные органы, общественные и иные организации.

      8. Заместитель руководителя Проектного офиса координирует и контролирует научно-исследовательскую деятельность рабочих групп Государственной комиссии, оказывает содействие рабочим группам в поисково-исследовательской работе в Президентском архиве, Центральном государственном архиве и других архивах, отвечает за качественное наполнение и бесперебойную работу сайта Государственной комиссии, выполняет поручения руководителя Проектного офиса.