Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 22.01.2024 № 806 Жарлығымен.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын актау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, Мемлекеттік комиссияның хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады.
5. Мемлекеттік комиссияның құрамы мемлекеттік органдар басшыларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, ғалымдардың қатарынан жасақталады.
6. Төрағаның шешімі бойынша Мемлекеттік комиссияның жұмысына тиісті саланың сарапшылары, өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
2-тарау. Мемлекеттік комиссияның міндеті, функциялары мен өкілеттіктері
7. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан ақтау болып табылады.
8. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру, қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарын ақтау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
2) саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан толық ақтау үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және Үкіметке енгізу;
3) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының іс жүзінде ақталмаған санаттарының, оның ішінде: қолданыстағы заңнамада қамтылмаған құрбандар санаттарын; заңнамада аталған, бірақ іс жүзінде ақталмаған құрбандар санаттарын тізбесін қалыптастыру;
қуғын-сүргін құрбандарының құқықтық жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан да ақталуға жататын санаттарының тізбесін қалыптастыру;
4) мемлекеттік органдардың саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау, ақталмаған адамдардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
5) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде Қазақстанның азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткендерді мәңгі есте қалдыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның әзірленуі мен қабылдануын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу.
9. Мемлекеттік комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
1) саяси қуғын-сүргін құрбандарын зандық және саяси тұрғыдан ақтауға, саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескендердің ерлігі мен батырлығын мәңгі есте қалдыруға байланысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, ұсынымдар береді;
2) қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарын ақтау әдіснамасын тұжырымдау үшін кіші комиссияны және өз қызметінің бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ жиналған материалдарды жинақтау үшін жұмыс топтарын құрады (жұмыс топтары алдына қойылған міндеттер бойынша талдамалық қорытындылар дайындайды және оларды Мемлекеттік комиссияның отырыстарына шығарады). Әдіснама жөніндегі кіші комиссия халықаралық саяси-құқықтық стандарттарға сәйкес саяси қуғын-сүргіннің алуан түрлерін бағалаудың ғылыми негізделген мемлекеттік тәсілдері мен өлшемшарттарын, сондай-ақ қуғын-сүргін құрбандарының әрбір санатын ақтаудың тәсілдері мен әдістерін тұжырымдайды;
3) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарайды;
4) Мемлекеттік комиссия қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік орғандардың басшыларын және өзге де лауазымды адамдарды тыңдайды;
5) Мемлекеттік комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратады және алады;
6) Мемлекеттік комиссияның міндеттерінен туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
10. Мемлекеттік комиссияның жұмысы оның отырыстарын, кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарын және өзге де іс-шараларды өткізу арқылы жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік комиссияның отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
12. Мемлекеттік комиссияның отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен шешімдері қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
13. Мемлекеттік комиссияның отырыстарында Мемлекеттік комиссияның функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында жұмыс топтарының жүргізген жұмысы туралы есептері қаралады.
14. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
15. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның отырыстарында төрағалық етеді;
2) Мемлекеттік комиссияның міндеттерін орындауға бағытталған шараларды тұжырымдау мен іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
3) Мемлекеттік комиссия мүшелері мен сарапшылар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратура органдарының, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жабық қорларындағы, архивтеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының Президентін Мемлекеттік комиссияның атқарған жұмысы туралы жылына бір рет хабардар етеді;
5) Мемлекеттік комиссия отырысының күн тәртібін айқындайды және хаттамасына қол қояды;
6) Мемлекеттік комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажет болған кезде жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдайды;
7) кіші комиссиялардың және жұмыс топтарының басшыларын тағайындайды;
8) Мемлекеттік комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мамандарды, ғалымдар мен сарапшыларды тартады;
9) Мемлекеттік комиссияның міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасары атқарады.
17. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
2) Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне кезекті отырыстың өтетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабар береді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік комиссияның төрағасына ол қабылдаған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады;
4) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
19. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуды жүргізеді;
3) кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының алдына қойылған міндеттерді орындауда олардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Мемлекеттік комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындауда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар оған өз құзыреті шегінде көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы24 қарашадағы № 456 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Мемлекеттік комиссияның төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары
"Nur Оtаn" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, Мемлекеттік комиссияның хатшысы
Мемлекеттік комиссияның мүшелері:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Ашуев Жұмабек - Қазақстанның жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)
Аяған Бүркітбай Ғылманұлы - Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
Әбдіғалиұлы Берік - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, саясат ғылымдарының докторы
Әбжанов Ханкелді Махмудұлы - "Әділет" Қазақстан тарихи-ағарту қоғамының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Әнес Ғарифолла Қабдулқайырұлы - "Саяси қуғын-сүргін құрбандары" музейінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты
Борчашвили Исидор Шамилович - "Астана" халықаралық университетінің Қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-процестік проблемаларды зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Гривенная Людмила Александрова - М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша)
Калашникова Наталья Павловна - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Кан Георгий Васильевич - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Көшім Досмахамбет Қалмаханұлы - "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Қамзабекұлы Дихан - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Қасымов Сабыр Ахметжанұлы - "Қаһармандар" республикалық қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті "Айтылған тарих" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)
Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы - "Әділет" Қазақстанның тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы (келісім бойынша)
Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы - "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Нұртаев Рамазан Тұяқұлы - заң ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры (келісім бойынша)
Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы - Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
Омарбеков Талас Омарбекұлы - Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу жөніндегі республикалық орталықтың директоры, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (келісім бойынша)
Саиров Ерлан Бияхметұлы - Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Сарым Айдос Әміроллаұлы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы (келісім бойынша)
Федоров Яков Иванович - "Nur Оtаn" партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, "Алаш" қозғалысы мен партиясын зерттеуші (келісім бойынша).