Балалардың әртүрлі салалардағы жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Балалардың хал-ахуал индексі (бұдан әрі – индекс) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) жыл сайын 1 маусымға қарай индекске мониторинг жүргізуді;
2) индекс мониторингінің қорытындыларын Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндамаға енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар құзыреті шеңберінде жыл сайын (1 сәуірден кешіктірмей) өткен күнтізбелік жылғы статистикалық деректердің толтырылуын қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 10-ө өкімімен бекітілген |
Балалардың хал-ахуал индексі
1. Осы Балалардың хал-ахуал индексі (бұдан әрі – индекс) балалардың хал-ахуалын және әртүрлі салаларда балаларға жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалау мақсатында әзірленді.
Индексті енгізу балалар мен ата-аналардың/заңды өкілдердің (бұдан әрі –ата-аналар) пікірін ескере отырып, өңірлер бойынша әртүрлі салаларда балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың тиімді іске асуына кедергі келтіретін факторларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
2. Осы өкімге қосымшаға сәйкес индекс негізгі 4 бағыттан тұрады: "Бала", "Отбасы және қоғам", "Мемлекеттік саясат", "Елдің әл-ауқаты".
3. Индекс орнықты даму саласындағы "Ешкімді шетте қалдырмау" қағидатын ескере отырып әзірленді.
4. Қажетті деректер орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ОМО) және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), сондай-ақ халықаралық және отандық зерттеу құрылымдарының ашық дереккөздерінен қалыптастырылатын болады. Сауалнама деректері балалар (ата-анасының рұқсатымен) мен ата-аналарға сауалнама жүргізу арқылы қалыптасады.
5. Осы индексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бағыттарды есептеу – бағыттарға кіретін құрамдауыштардың немесе статистикалық/сауалнамалық деректердің арифметикалық орташа мәнін анықтау арқылы жүргізілетін есептеу;
2) балаларға арналған бюджет – республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған, балаларға арналған бюджет шығыстары;
3) балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджет шығыстары – бұл балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстардың жиынтығы;
4) баланың хал-ахуалы – баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы біліммен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздікпен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсерінен қалыптасқан жағдайы;
5) деректерді нормаға айналдыру – деректердің бастапқы (туынды) мәндерін нормалық (орташа) мәнге айналдыру;
6) жанама шығыстар – балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталмаған, бірақ халықтың барлық жас санаттарын, оның ішінде балаларды қамтитын нақты шығыстар (мысалы, балалар бөлімшесі бар аурухананы ұстау (жалпы шығыстардағы үлесі); оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (игілік алушылардың кең ауқымы) және т. б.);
7) статистикалық/сауалнамалық деректер – балалардың әртүрлі салалардағы, оның ішінде өңірлер бойынша жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер;
8) қорытынды индексті есептеу – барлық бағыттардың арифметикалық орташа мәнін анықтау жолымен жүргізілетін есептеу;
9) құрамдауыш – балалардың белгілі бір саладағы жағдайын сипаттайтын статистикалық/сауалнамалық деректер жиынтығы;
10) мониторинг – балалардың игілігі саласындағы ұлттық саясаттың тиімділігі туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, сақтауды және таратуды ұйымдастыру нысаны;
11) тікелей шығыстар – кәмелетке толғанға дейін балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталған нақты шығыстар (мысалы, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балалар кітапханаларының, балаларға арналған спорт мектептері мен секцияларының, оқушылар сарайларының жұмыс істеуіне, балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етуге, балалар ауруханаларына және т.б. арналған шығындар).
Балалардың хал-ахуал индексіне қосымша |
"Бала" бағыты
Р/с№ | Деректер | Деректер сипаттамасы | |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
Туған 1000 балаға шаққанда 5 жасқа дейін қайтыс болған балалардың саны | Сипаты | 0-4 жастағы балалардың шетінеу деңгейін көрсететін 5 жасқа дейінгі балалар шетінеуінің коэффициенті | |
Есептеу формуласы |
5m0= 5M0Nt×1000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
100 000 балаға шаққанда сыртқы себептерден | Сипаты | Қайтыс болудың жас бойынша коэффициенттері күнтізбелік жыл ішінде осы жаста қайтыс болғандар санының осы жастағы адамдардың орташа жылдық санына арақатынасы ретінде есептеледі. Осыған ұқсас, қайтыс болу себептері бойынша қайтыс болу коэффициенттері қайтыс болудың көрсетілген себептерінен қайтыс болғандар санының халықтың орташа жылдық санына арақатынасы ретінде есептеледі | |
Есептеу формуласы |
ASDR0-18i= D0-18iP0-18×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
100 000 балаға шаққанда семіздікке шалдыққан | Сипаты | 100 000 балаға шаққанда семіздікке шалдыққан 0-18 жастағы балалардың жалпы саны | |
Есептеу формуласы |
С=N0-18P0-18×100000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
100 000 балаға шаққанда 0-18 жастағы балалар арасында ас қорыту органдары ауруларының саны | Сипаты | 100 000 балаға шаққанда 0-18 жастағы балалар арасында ас қорыту органдары ауруларының жалпы саны | |
Есептеу формуласы |
C=N0-18P0-18×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған сымбаты бұзылған 0-14 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған сымбаты бұзылған 0-14 жастағы балалар санының осы жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы | |
Есептеу формуласы |
S=N0-14P0-14×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған көзінің көруі нашарлаған | Сипаты | Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған көзінің көруі нашарлаған 0-14 жастағы балалардың санына осы жастағы балалардың жалпы санының арақатынасы | |
Есептеу формуласы |
S=N0-14P0-14×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған есту қабілеті нашарлаған және сөйлеу кемістігі бар 0-14 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған есту қабілеті нашарлаған және сөйлеу кемістігі бар 0-14 жастағы балалар санының осы жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы | |
Есептеу формуласы |
S=N0-14P0-14×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
15-17 жастағы балалар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық ауытқумен сырқаттану көрсеткіші | Сипаты | Сырқаттану деңгейі алғаш рет белгіленген диагнозы бар науқастар санының тұрақты халықтың орташа жылдық санына қатынасымен айқындалады. Халықтың сырқаттануы туралы деректерді статистикалық әзірлеу үшін сырқаттану мен өлім-жітім туралы мәліметтердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Аурулардың халықаралық сыныптамасы қолданылады | |
Есептеу формуласы |
C=N15-17P15-17×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
100 000 балаға шаққанда балалар арасындағы суицид оқиғаларының саны, бірлік | Сипаты | 100 000 балаға есептегенде балалар арасындағы суицид оқиғаларының жалпы саны | |
Есептеу формуласы |
C=NP×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК | ||
Өмірге қанағаттану деңгейі жоғары 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Өміріне қанағаттануы жоғары екенін атап өткен, сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар санының сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы | |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
Жалпы білім беретін мектепте достар табуы қиын емес 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Достар табуы қиын емес екенін атап өткен, сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар санының 10-18 жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы (әлеуметтанушылық зерттеу әдісімен) | |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
Балалардың құқықтық қорғалу деңгейі, % | Сипаты |
Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін бағалау, балалардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, оларды практикада қолдануы. | |
Есептеу формуласы | Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері (үш көрсеткіштің орташа арифметикалық мәні: балалардың құқықтары туралы хабардар болуы, құқықтардың сақталуына қанағаттануы (өз білімдерін практикада қолдануы), міндеттер туралы хабардар болуы). | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) нәтижелерінің орташа көрсеткіші, балл | Сипаты | Жалпы білім беретін мектептердің 4 және 9-сынып оқушыларының қорытынды балы | |
Есептеу формуласы |
ББЖМ=БЖ1+БЖ2+ ...БЖnn=i=1nБЖin | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі, % | Сипаты | ЖОО-ға түсу кезінде шекті деңгейден (ұлттық және медициналық ЖОО-лар – 65 балл, "білім беру", "ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – 60 балл, университеттер – 50 балл) өткен жалпы білім беретін мектеп бітірушілері санының ҰБТ-ға қатысқан жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы санына арақатынасы | |
Есептеу формуласы |
S=NP×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы |
"Отбасы және қоғам" бағыты
Р/с № | Деректер | Деректер сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Ата-аналарымен өз проблемаларын ашық талқылай алатын 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Ата-аналарымен өз проблемаларын ашық талқылай алатынын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
2. | Отбасында шешім қабылдау кезінде өз пікірінің ескерілетіндігімен толық келісетін 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Отбасында шешім қабылдау кезінде өз пікірінің ескерілетіндігімен толық келісетінін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
3. | 1000 балаға шаққанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 0-18 жастағы балалар саны, адам | Сипаты | Аталған көрсеткіш заңда белгіленген тәртіппен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған деп танылған 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 0-18 жастағы адамдардың бір жылдағы орташа санына қатынасын білдіреді |
Есептеу формуласы |
C=NP0-18×1000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
4. | 1000 балаға шаққанда өмірде қиын жағдайда жүрген балалар саны, адам | Сипаты | Бұл көрсеткіш өмірде қиын жағдайда деп танылған балалардың жалпы санының бір жылдағы 0-18 жастағы адамдардың орташа санына қатынасын білдіреді |
Есептеу формуласы |
C=NP0-18×1000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
5. | Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді елді мекендердің үлесі, % | Сипаты | Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді елді мекендер санының елді мекендердің жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=EiE×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ЖАО | ||
6. | Үйде қосымша оқуға арналған кітаптары бар 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Үйде қосымша білім алу үшін қажетті кітаптар бар екенін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
7. | Оқуға арналған компьютерлік техникасы бар 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Оқуға арналған компьютерлік техникасы бар екенін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнамадағы тиісті сұраққа жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
8. | Күн сайын көкөністер мен жемістер тұтынатын балалардың үлесі, % | Сипаты |
Күн сайын көкөністер мен жемістерді тұтынатынын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
9. | Тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санындағы үлесі, % | Сипаты | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының тұрғын үй кезегінде тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=AP×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ЖАО, ИИДМ | ||
10. | Жеке бөлмесі бар немесе үйде тұратын бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі балалардың үлесі | Сипаты | Жеке бөлмесі бар немесе үйде тұратын бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі екенін атап өткен респонденттер (ата-аналар) санының қатынасы |
Есептеу формуласы |
S=NR×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
11. | Жұмыс жүктемесіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтын ата-аналардың үлесі, % | Сипаты | Жұмыс жүктемесіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтынын атап өткен сауалнамаға қатысқан ата-аналар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген сауалнама жүргізілген ата-аналардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=AR×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
12. | Қорлауға/жәбірлеуге, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге ұшыраған 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Қорлауға/жәбірлеуге, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына қатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
13. | Жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық өмірге қатысатындығымен толық келісетін 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық өмірге қатысатындығымен толық келісетіндерін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
14. | Бір аптада көше ойындарына арналған күн саны (10-18 жастағы балалар) немесе аптасына ашық ауада өткізілетін сағат саны (аптасына 4 және одан да көп сағат) | Сипаты |
Бұл көрсеткіш аптасына балалардың ашық ауада өткізетін орташа уақыт санын білдіреді. |
Есептеу формуласы | Сауалнаманың тиісті сұрағына респонденттер жауаптарының орташа көрсеткішін шығару арқылы есептеледі | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері |
"Мемлекеттік саясат" бағыты
Р/с № | Деректер | Деректер сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жалпы білім беретін мектепте оқығанды ұнататын 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Жалпы білім беретін мектепте оқығанды ұнататынын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
2. | Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимыл деңгейі, % | Сипаты | Бұл көрсеткіш ата-аналардың балалары оқитын жалпы білім беретін мектеппен өзара іс-қимыл деңгейін білдіреді. Респонденттердің бірнеше тиісті сұрақтарға жауаптарының нәтижелері бойынша қалыптастырылады |
Есептеу формуласы | Сауалнаманың тиісті сұрақтарына респонденттер жауаптарының орташа көрсеткішін шығару арқылы есептеледі | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
3. | Мектепке дейінгі білім берумен қамтылған 1-6 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар санының мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда орын алуға тіркелген, жыл ішінде өз кезектілігін растаған (өзектендірген) осы жас тобындағы балалардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=G1-6F1-6×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
4. | Мектептегі тамақтану сапасына қанағаттанатын 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты |
Мектептегі тамақтану сапасына қанағаттанатынын атап өткен сауалнама жүргізілген балалар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген балалардың жалпы санына қатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
5. | Оқу-тәрбие процесіне және қосымша білім беруге қанағаттанатын ата-аналардың үлесі, % | Сипаты |
Мектептегі оқу-тәрбие процесіне және қосымша білім беруге қанағаттанатынын атап өткен сауалнама жүргізілген ата-аналар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген ата-аналардың жалпы санына арақатынасы. |
Есептеу формуласы |
S=NR×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
6. | Қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі | Сипаты | Қосымша білім берумен қамтылған балалар санының жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= GF×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
7. | Психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі, % | Сипаты | Психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндіктері шектеулі балалар санының даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= GF×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
8. | Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы үш ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептердің үлесі | Сипаты | Үш ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептер санының жалпы білім беретін мектептер санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=TF×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
9. | Ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің үлесі | Сипаты | Ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептер санының мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= Sch tSch×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
10. | Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмекпен қамтылған балалардың үлесі, % | Сипаты | Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмекпен қамтылған балалар санының мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы балалардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= GF×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
11. | Тұру үшін тұрғын үйді жалға алатын балалы отбасылардың үлесі, % | Сипаты | Жалға алынған тұрғын үйде тұратындарын атап өткен ата-аналар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген ата-аналардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=NR×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
12. | Балалардың қажеттіліктеріне бағытталған бюджет шығындарының үлесі, % | Сипаты | Балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары/кіші бағдармалары бойынша нақты шығыстар сомасының республикалық/жергілікті бюджеттердің нақты шығындарының жалпы көлеміне арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= GF×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ЖАО, ОМО | ||
13. | Медициналық оңалтумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі, % | Сипаты | Медициналық оңалтумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалар санының мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санына арақатынасы, % |
Есептеу формуласы |
S=NP×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ | ||
14. | Психофизикалық даму скринингімен қамтылған сәби жасындағы (3 жасқа дейінгі) балалардың үлесі, % | Сипаты | Психофизикалық даму скринингімен қамтылған 3 жасқа дейінгі балалар санының 3 жасқа дейінгі балалардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= N0-2P0-2×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ДСМ |
"Елдің әл-ауқаты" бағыты
Р/с№ | Деректер | Деректер сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, мың теңге | Сипаты | Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім ағымдағы бағалардағы жалпы өңірлік өнімнің тиісті өңір халқының орташа жылдық санына қатынасы ретінде есептеледі |
Есептеу формуласы |
ЖӨӨжан басына шаққанда=ЖӨӨ Халық саныорташа*1000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ (ақпарат Ұлттық статистика бюросының "stat.gov.kz" ресми сайтында "Негізгі бет – Ресми статистика – Салалар бойынша – Ұлттық шоттар статистикасы" бөлімінде орналастырылған) | ||
2. | Жұмыссыздық деңгейі, % | Сипаты |
Еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпаратты жинау "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" (индексі Т-001, кезеңділігі – айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын пайдалана отырып, халықты іріктеп зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындарға сауалнама сұхбат жүргізу әдісімен, интервьюерлердің үй шаруашылықтарына тікелей баруы арқылы жүзеге асырылады. |
Есептеу формуласы | Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі ретінде есептеледі, пайызбен өлшенеді | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
3. | Ауадағы ұсақ қатты бөлшектердің деңгейі PM 2,5 (ауа сапасы), % | Сипаты | Атмосфераның беткі қабатындағы PM 2,5 концентрациясы (диаметрі 2,5 микрон болатын қатты бөлшектер, олар 50% сіңіру тиімділігінде фракциялар бойынша бөлінумен ауа тартқыш арқылы өтеді) ретінде өлшенетін қатты бөлшектердің ықпалы |
Есептеу формуласы |
АЛИ 5 = (qорт.iШРКi)*С i, | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК | ||
4. | Су ресурстары сапасының деңгейі, % | Сипаты | Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі өлшемшарттары балық шаруашылығы, шаруашылық-ауызсу және коммуналдық-тұрмыстық су пайдаланатын су айдындары үшін ластаушы заттардың ШРК мәні болып табылады. Құрлықтың жер үсті суларының ластану деңгейі ерітілген оттегі мен ОБТ 5-ті қоса алғанда, алты көрсеткіш үшін есептелетін су ластануының кешенді индексінің (СЛИ6) шамасы бойынша бағаланады |
Есептеу формуласы |
СЛИ6 = (qср.iШРКi)/6, | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК | ||
5. | Қатты жабыны бар аудандық/ облыстық маңызы бар жолдардың үлесі, % | Сипаты | Қатты жабыны бар автомобиль жолдары ұзындығының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= RhcR×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
6. | Аула/көше ойындарына арналған орындардың, оның ішінде спорт құрылыстарының қолжетімділігі, % | Сипаты | Ауласында аула алаңдары мен спорт құрылыстары бар екенін атап өткен сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар мен ата-аналар санының сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар мен ата-аналардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=NR×100 | ||
Деректер типі | Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
7. |
Уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі | Сипаты | Уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= EcamE×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР ІІМ, ҚР БҒМ | ||
8. | Орталық кәрізбен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлесі, % | Сипаты | Орталық кәрізбен жабдықталған тұрғын үй қоры көлемінің тұрғын үй қорының жалпы көлеміне арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= HhgH×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
9. | Белгіленген сапа нормаларына сәйкес келмейтін ауызсу сынамаларының үлесі, % | Сипаты | Көрсеткіш әртүрлі көздерден (су дайындаудан өткен, ашық су жинағыштардан, ұңғымалардан, құдықтардан және осыған ұқсастардан) алынған ауызсу сынамаларының жалпы санындағы ауызсу сапасының нормаларына сай келмейтін сынамалардың үлесі ретінде айқындалады. Пайызбен өлшенеді. Көрсеткіш ауызсудың адам денсаулығына тікелей байланысты параметрлерге сәйкестігі туралы қолданыстағы деректер негізінде есептеледі |
Есептеу формуласы |
Сынамалардың сәйкестік көрсеткіші = T-ET×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР СЖРА ҰСБ | ||
10. | Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы авариялық мектептердің үлесі, % | Сипаты | Авариялық күйдегі жалпы білім беретін мектептер санының жалпы білім беретін мектептердің жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S= GF×100 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БҒМ | ||
11. | Автобус аялдамасынан кемінде 15 минут жаяу жүретін жерде тұратын 10-18 жастағы балалардың үлесі, % | Сипаты | Автобус аялдамасынан кемінде 15 минут жаяу жүретін жерде тұратынын атап өткен 10-18 жастағы балалар санының сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы |
Есептеу формуласы |
S=N10-18R10-18×100 | ||
Деректер типі | Сауалнамалық дерек (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама) | ||
Дереккөз | Сауалнама нәтижелері | ||
12. | 100 000 балаға шаққанда балаларға қатысты қылмыстар саны, бірлік | Сипаты | Қылмыс деңгейі – балалардың белгілі бір санына (әдетте, 100 000) есептегенде тіркелген қылмыстар саны |
Есептеу формуласы |
C=NP0-18×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК | ||
13. |
100 000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушы | Сипаты | Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс деңгейі балалардың белгілі бір санына (әдетте, 100 000) есептегенде кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы тіркелген қылмыстар саны |
Есептеу формуласы |
C=NP0-18×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК | ||
14. |
14-17 жастағы | Сипаты | Қылмыс деңгейі – аудан, облыс, республика халқының белгілі бір санына есептегенде тіркелген қылмыстар саны. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың таралу коэффициентін анықтау үшін формула мәніне 14-17 жастағы адамдар саны қосылады |
Есептеу формуласы |
C=NP14-17×100 000 | ||
Деректер типі | Статистикалық деректер | ||
Дереккөз | ҚР БП ҚСжАЕК |
Индекстің қорытынды мәні
1. | Деректерді нормаға айналдыру | Сипаты |
Деректердің салмағы талданатын деректердің бастапқы мәнін нормаға айналдыру арқылы алынатын болады. Нормаға айналғаннан кейін деректің салмағы 0-ден 100-ге дейін болады. Ең төменгі салмақ – 0, ең жоғарғы – 100. |
Есептеу формуласы |
I=x-min (x)max x-min(x)×100 | ||
2. | Құрамдауыштарды есептеу | Сипаты |
Құрамдауыштар оларға кіретін нормаға айналдырылған деректерді қосу арқылы есептеледі. |
Есептеу формуласы |
C=I1+I2+...+In=i=1nIi | ||
3. |
Бағыттарды есептеу | Сипаты | Жекелеген бағыттардың салмағы мен индексін есептеу оларға кіретін құрамдауыштардың арифметикалық орташа салмағын айқындау арқылы жүргізіледі. Мүмкін болатын ең жоғарғы салмақ бағытқа кіретін барлық деректердің жалпы санына сәйкес келеді |
Есептеу формуласы |
DI=С1+С2+ ...Сnn=i=1nCin | ||
4. |
Бағыттарды есептеу | Сипаты | Бағыттардың салмағы мен тиісінше индексін құрамдауыштарды есепке алмай, бағыттың барлық деректерінің орташа арифметикалық өлшемін анықтау арқылы да тікелей есептеуге болады |
Есептеу формуласы |
DI=I1+I2+ ...+Inn=i=1nIin | ||
5. | Қорытынды индексті есептеу | Сипаты | Қорытынды индексті есептеуде де өлшенген арифметикалық орташа мән қолданылады |
Есептеу формуласы |
CWI=D1+D2+ ...Dnn=i=1nDin |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО | жергілікті атқарушы органдар |
ЖӨӨ | жалпы өңірлік өнім |
ҚР БҒМ | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
ҚР БП ҚСжАЕК | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті |
ҚР ДСМ | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР ИИДМ | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
ҚР СЖРА ҰСБ | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
ҚР ІІМ | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
ОМО | орталық мемлекеттік органдар |
ҰБТ | Ұлттық бірыңғай тестілеу |