Қазақстан Республикасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитін дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 148-ө өкімі.

      2022 жылғы 12 – 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі – АӨСШК) саммитін дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес АӨСШК саммитін дайындау және өткізу бойынша протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес АӨСШК мүше мемлекеттерінің, байқаушы мемлекеттерінің, байқаушы ұйымдарының, серіктес ұйымдарының, АӨСШК төрағалығы мейман-мемлекеттерінің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерінің Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы (қажет болған жағдайда Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларында), тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүру, арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

      1) делегациялар тұратын және іс-шаралар өткізілетін жерлерде қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ патрульдік автомобильдермен бірге жүруді;

      2) Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының (метеожағдай нашар болған жағдайда және арнайы ұшақтар Қарағанды қаласына қонғанда) әкімдіктерімен бірлесіп ресми делегациялардың Қарағанды қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін жол жүруін қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ресми делегациялар басшылары мен мүшелерінің арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын (қажет болған жағдайда Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларында);

      2) Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында (қажет болған жағдайда Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларында) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен АӨСШК саммитін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі іс-шараларды өткізу орындарында үздіксіз интернетті қамтамасыз етсін.

      8. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі АӨСШК саммитіне қатысушы делегациялар басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан берілетін ресми қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар мен іс-шараларға қажетті техникалық қолдауды (дыбыспен, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығымен (келісу бойынша) бірлесіп АӨСШК саммитіне қатысушыларға нәтижесі "сол күні" шығатын полимеразды тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясының болуына тестілеу жүргізуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда ресми делегациялар басшылары мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

      10. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі:

      1) Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында ресми делегациялар басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;

      2) Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарқанын ұйымдастыруды;

      3) Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайын, көшелер мен іс-шаралар өткізілетін орындарды безендіруді;

      4) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайынан, олардың тұратын жерінен іс-шаралар өткізілетін орынға дейін көлікпен жеткізілуін ұйымдастыруды;

      5) іс-шара өткізілетін орындардың іргелес аумақтарын (тұратын орындарын қоса алғанда) абаттандыруды қамтамасыз етсін.

      11. Алматы және Қарағанды қалаларының әкімдіктері қажет болған жағдайда делегациялар басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде Алматы және Қарағанды қалаларының әуежайларында шай дастарқанын ұйымдастыруды және гүлмен безендіруді қамтамасыз етсін.

      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) АӨСШК саммитіне қатысатын делегациялардың басшыларын қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша) Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында (қажет болған жағдайда Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларында) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алуға және шығарып салуға жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.

      14. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 148-ө өкіміне
1-қосымша

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитін дайындау мен өткізу бойынша протоколдық-ұйымдастырушылық іс-шаралар

      2022 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен мыналарды ұйымдастыру және қаржыландыру:

      1) 2022 жылғы 11 – 14 қазан аралығындағы кезеңде министрлер деңгейіндегі ресми делегацияларды, министрлер деңгейінен төмен емес делегация басшыларын ("1+3" форматы бойынша), басқа деңгейдегі ("1" форматы бойынша) делегацияларды Нұр-Сұлтан қаласының қонақ үйлері мен резиденцияларында орналастыру;

      2) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне көліктік қызмет көрсету;

      3) іс-шараларды өткізу үшін залдарды жалға алу (бас мәжіліс залы, баспасөз орталығының залы, баспасөз конференциясына арналған зал, екіжақты кездесулерге арналған залдар, жинақтау залдары, штаб бөлмелері);

      4) мәжіліс залын, баспасөз орталығының залын, баспасөз конференциясына арналған залды, екіжақты кездесулерге арналған залдарды, жинақтау залдарын, штаб бөлмелерін, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі – АӨСШК) саммиті шеңберінде ресми іс-шаралар өткізілетін басқа да орындарды техникалық жарақтандыру және тақырыптық безендіру;

      5) баспасөз орталығын техникалық жарақтандыруды (іс-шараларды тікелей телетрансляциялау, оның ішінде баспасөз орталығына теле- және аудиосигнал беру, компьютерлерді, принтерлерді, жылжымалы телевизиялық станцияны, көп функционалды құрылғыны, халықаралық байланысқа, жоғары жылдамдықты сымды және сымсыз интернетке қосылған телефон аппараттарын, мониторларды орнату, сондай-ақ дыбыс жабдығын және бейне-, аудиосплиттерді жалға алу);

      6) АӨСШК саммитіне қатысушылар, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспа өнімдерін дайындау (АӨСШК логотипімен конференц-сөмкелер, брендтелген автоқаламдар, брендтелген папкалар, үлестірме материалдар және "Handbook", қажетті стендтер, баннерлер, көрсеткіштер және т.б.);

      7) АӨСШК саммиті барысында орыс және ағылшын тілдерінде ілеспе аударма;

      8) осы іс-шараларды өткізу кезеңінде АӨСШК саммитіне қатысушыларға, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған тамақ және кофе-брейктер;

      9) АӨСШК саммиті өтетін жерде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлеріне арналған бөлмені жалға алу.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 148-ө өкіміне
2-қосымша

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті кезінде ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар

      2022 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының өкілеттіктері мен мемлекеттік функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы, 028 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының 100 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен мыналарды ұйымдастыру және қаржыландыру:

      1) 2022 жылғы 11 – 14 қазан аралығындағы кезеңде мемлекет/үкімет басшылары ("1+5" форматы бойынша) деңгейіндегі және халықаралық ұйымдардың басшылары ("1+3" форматы бойынша) деңгейіндегі ресми делегацияларды Нұр-Сұлтан қаласының қонақ үйлері мен резиденцияларында орналастыру;

      2) Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында (VIP залында) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салуды ұйымдастыру;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министрінің атынан ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін ресми қабылдауды, бейресми қабылдауларды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сондай-ақ техникалық үстелдерді ұйымдастыру;

      4) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу;

      5) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне көліктік қызмет көрсету;

      6) қабылдаулар, сондай-ақ бейресми іс-шаралар өткізілетін орындарды техникалық қамтамасыз ету және тақырыптық безендіру;

      7) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсету;

      8) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының (келісу бойынша) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін полимеразды тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясының болуына тестілеуді тегін негізде өткізуі;

      9) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі – АӨСШК) саммитіне қатысушылар, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспа және басқа да өнімдерді дайындау (делегациялық кітапшалар, сапар бағдарламалары, бейдждер, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар және т.б.);

      10) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында, сондай-ақ АӨСШК саммиті шеңберінде іс-шаралар өткізілетін барлық жерлерде гүлмен безендіруді ұйымдастыру;

      11) өткізілетін іс-шаралардың стенографиялық жазбасын қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады