2022 жылғы 13 – 15 қазанда Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің (бұдан әрі – ТМД МБК) және "Орталық Азия – Ресей" саммитінің (бұдан әрі – саммит) отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес ТМД МБК және "Орталық Азия – Ресей" саммитінің отырыстарын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес мемлекет басшылары мен ресми делегациялардың мүшелеріне Астана қаласында жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мемлекет басшылары мен ресми делегациялар мүшелерінің Астана қаласының халықаралық әуежайындағы (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде), тұратын және болатын орындардағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, мемлекет басшылары мен бірге жүретін адамдарының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының халықаралық әуежайына (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының халықаралық әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды;
3) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының әуежайы резерв ретінде), мемлекет басшылары мен ресми делегациялар мүшелерінің Қарағанды қаласынан Астана қаласына дейін жол жүруін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ТМД МБК және саммит отырыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекет басшыларының құрметіне берілетін ресми қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар мен іс-шараларға қажетті техникалық қолдауды (дыбыс, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығымен (келісу бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, ТМД МБК және саммит отырыстарына қатысушыларға "сол күні" нәтижесі шығатын полимеразды тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тестілеу өткізуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекет басшыларына, ресми делегациялардың мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
8. Астана қаласының әкімдігі белгіленген тәртіппен:
1) мемлекет басшылары мен ресми делегациялардың мүшелерін Астана қаласының халықаралық әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды;
2) Астана қаласының халықаралық әуежайын, көшелер мен іс-шаралар өткізілетін орындарды безендіруді;
3) мемлекет басшылары, ресми делегациялардың мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Астана қаласының халықаралық әуежайынан, олардың тұратын жерінен іс-шаралар өткізілетін орынға дейін көлікпен жеткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
9. Қарағанды қаласының әкімдігі қажет болған жағдайда делегациялар басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде Қарағанды қаласының әуежайында шай дастарқанын ұйымдастыруды және гүлмен безендіруді қамтамасыз етсін.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) ТМД МБК және саммит отырыстарына қатысатын мемлекет басшыларын қарсы алудың және шығарып салудың ресми рәсімдеріне қатыссын.
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласының халықаралық әуежайында (ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 155-ө өкіміне 1-қосымша |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің және "Орталық Азия – Ресей" саммитінің отырыстарын дайындау мен өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шаралары
2022 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен:
1) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің (бұдан әрі – ТМД МБК) және "Орталық Азия – Ресей" саммитінің
(бұдан әрі – саммит) шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары үшін дыбыс пен жарық жабдығын, конференц-жүйені, баспасөз конференцияларын;
2) ТМД МБК және саммиттің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары өткізілетін залдар мен орындарды тиісті тақырыптық безендіруді, ТМД МБК шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары, саммит өтетін залдарды (монтаждау/демонтаждау жұмыстары) және штаб бөлмелерін жалдауды;
3) баспасөз орталығын техникалық жарақтандыруды (іс-шараларды тікелей телевизиялық трансляциялау, оның ішінде баспасөз орталығына теле- және аудиосигнал беру, компьютерлерді, принтерлерді, көп функционалды құрылғыларды, халықаралық байланысқа, жоғары жылдамдықты сымды және сымсыз интернетке қосылған телефон және факс аппараттарын жалға алу, мониторларды, сондай-ақ дыбыс жабдығын, бейне- және аудиосплиттерлерді орнату);
4) ТМД МБК және саммиттің отырыстарына қатысушылар, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспа және басқа да өнімдерді (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы кіру рұқсатнамалары) дайындауды;
5) аталған іс-шараларды өткізу кезеңінде ТМД МБК және саммиттің отырыстарына қатысушылар мен бірге жүретін адамдар үшін тамақтандыру мен кофе-брейктерді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 155-ө өкіміне 2-қосымша |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің және "Орталық Азия – Ресей" саммитінің отырыстары кезінде мемлекет басшылары мен ресми делегациялардың мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
2022 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының өкілеттіктері мен мемлекеттік функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бағдарламасы, 028 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасының 100 "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын республикалық деңгейде қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен ТМД МБК және саммит отырыстарын өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін:
1) 2022 жылғы 13 – 15 қазан кезеңінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің "1+5" форматы бойынша және "Орталық Азия – Ресей" саммитінің "1+5" форматы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті шақырған мемлекеттердің мемлекет басшылары мен ресми делегацияларының мүшелерін (бұдан әрі – ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері) "1+5" форматы бойынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасын "1+3" форматы бойынша және Астана қаласының қонақүйлері мен резиденцияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін орналастыру;
2) Астана қаласының халықаралық әуежайында ресми делегациялардың басшыларын қарсы алу мен шығарып салу кезінде шай дастарқанын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру;
3) ресми делегациялар басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан берілетін ресми, бейресми (таңғы, түскі, кешкі қонақасы) қабылдауларды, сондай-ақ техникалық үстелдерді ұйымдастыру;
4) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасына сыйлықтар мен кәдесыйларды сатып алу;
5) 2022 жылғы 13 – 15 қазан кезеңінде ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасына көліктік қызмет көрсету;
6) іс-шаралар өткізілетін орындарды техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру;
7) ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің төрағасына медициналық қызмет көрсету;
8) өткізілетін іс-шаралардың стенографиялық жазбасын қамтамасыз ету.