"Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 158-ө өкімі.

      "Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстанның су кеңесінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 158-ө өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 9 наурыздағы
№ 47-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстанның су кеңесінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Еркін Нұрланұлы Тәжғалиев – "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры
(келісу бойынша)

      Саят Құрбанбайұлы Әлімқұлов – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Нұрлан Бақытжанұлы Атшабаров – Қазақстан Республикасы су шаруашылығы кәсіпорындары және ұйымдары қауымдастығының президенті (келісу бойынша)

      Әмірхан Қадырбекұлы Кеншімов – Қазақстан Республикасында Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы бөлімінің басшысы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады