Салық және бюджет заңнамасын жетілдіру жөнінде жұмыс топтарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 169-ө өкімі.

      Салық және бюджет заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:

      1. Мына:

      1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы;

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.

      2. Осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген жұмыс топтары 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде салық және бюджет заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 169-ө өкіміне
1-қосымша

Салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Шағын және орта бизнес комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры – Салық салу департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Туристік сала комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      "QazSpirits" алкоголь және никотині бар өнімдерді өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстандық салық консультанттары қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының кеңесі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушыларының одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Салық консультанттары палатасы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің фискалдық реттеу жөніндегі атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Бірінші кредиттік бюро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстанның ФарМедИндустриясы" фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірушілер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстанның сүт одағы" заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "KAZLOGISTICS" Қазақстанның көлік одағы" заңды тұлғалар бірлестігі бас директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "КПМГ Такс энд Эдвайзори" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технологиялық консультация беру тобының әріптесі (келісу бойынша)

      Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық сарапшысы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 169-ө өкіміне
2-қосымша

Бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бюджет саясаты департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының орнықты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады